Газдық дәнекерлеу

Дәнекерлеу дегенiмiз ажырамайтын байланыстары бар балқытылып бiрге кристалданған 2 металдың араласуы. Араласу жоғарғы температурадағы диффузиялық әдiспен жүредi.Газдық дәнекерлеу – металл қосылу аумағында газдық жалынмен балқығанша қыздырылатын балқытып дәнекерлеу.Металдарды газды плазмалық өңдеу кезінде жылу көзі ретінде газдық жалын – арнайы шілтерде оттекте осы мақсатта жағылатын жанғыш газдың жалыны қолданылады. Жанғыш газ ретінде ацетилен, сутек, табиғи газдар, мұнай газы, бензин, керосин және т.б. булары қолданылады. Басқа газдардың жалынымен салыстырғанда ең көп температура ацетиленді оттекті жалында болады, сондықтан ол көбірек қолданылады.Ацетилен кальций карбидін оны сумен қосқанда алады:
CaC2 + 2H2O = C2H2 + Ca (OH) 2
Ацетиленді оттекті қоспаны жандыруға дайындау және жанудың өзін үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең : жанғыш затты жануға дайындау (көміртектің ыдырауы)
C2H2 2C + H2 +226 000 кДж/моль
2-кезең : CO және H2 пайда болуы (көміртектің тотығуы)
C2H2 + O2 2C + H2 + O2 = 2CO + H2 + 2472 200 кДж/моль.
3-кезең : көміртек оксиді мен сутектің ақырғы тотығуы:
2CO + O2 CO2 + 571 000 кДж/моль ;
H2 + 0,5O2 H2O + 142 000 кДж/моль.
Ацетилен мен оттек қоспасының жануы кезінде жалынның құрылысы үш аумақтан тұрады: ядро, орта аумақ, факел. Ең үлкен температура (2730-2230 0С) екінші аумақ ауданында болады. Сондықтан дәнекерлеу кезінде шілтерді жалын ядросы дәнекерлеуші былаудың беттік қабатына тиетіндей етіп орналастырады.Газдық дәнекерлеудің артықшылықтары: әдістің қарапайымдылығы, құрал-жабдықтың қарапайымдылығы, электр энергиясы көзінің жоқтығы.Газдық дәнекерлеудің кемшіліктері: өнімділігі аз, механизациялаудың күрделілігі, қыздыру аумағының үлкендігі, дәнекерлеуші қосылыстардың механикалық қасиеттері доғалық дәнекерлеуге қарағанда біршама аз.Газдық дәнекерлеуді қалыңдығы 1-3 мм болатын жұқа беттік болаттан жасалған бұйымдарды жөндеу мен жасауда, шойын, алюминий, мыс, жезді дәнекерлеу кезінде, құйманың ақауларын түзету және т.б. қолданылады. Газбен дәнекерлеу үшiн дәнекерленетiн металл жиектерiн және қосымша металды балқу температурасына дейiн қыздыруға қажеттi жылуды арнайы дәнекерлеу шiлтерлерiнде жанғыш газдарды оттегiмен қосып жағу арқылы алады. Жанатын газ ретiнде ацетилен, бутан, пропан, бензол, сутек, бензин және керосин булары пайдаланылады. Газбен дәнекерлеудi көбiнесе қалыңдығы 3-5 мм-ден аспайтын аз көмiртектi және аз легирленген табақ болаттар мен құбырларды дәнекерлеу, шойын мен қола кұймаларының ақауларын жөндеу және түстi металдар мен олардың қорытпаларын пiсiру үшiн қолданады. Оған қажеттi оттегi атмосферадан өндiрiс жағдайында өндiрiледi. Оттегi болат баллондарда пiсiру жұмыс орнына жеткiзiледi. Баллон тұтас табақ темiрден жасалған цилиндр тәрiздi ыдыс. Сыйымдылығы 40 л. баллондар кеңiрек таралған, оларға 15 МПа қысыммен 600 л оттегi сияды. Техникалық оттегiн өндiру ауаны - 194,50С температурада қалыпты қысыммен сұйылтып, оның булану температураларының әрқилы, сұйық оттегi екендiгiн ескерiп ажырату принципiне негiзделген.Газбен дәнекерлеудiң 2 негiзгi тәсiлi бар: сол жане оң. 1-шi тәсiлде шiлте жалыны оңнан солға қарай жылжып, әлi дәнекерленбеген металл жиектерiне бағытталады, ал оң әдiсiнде солдан оңға жылжып, жалын жiк жағына қарай бағытталады. Сол әдiсiн дәнекерленетiн жерiнде көп жылу шоғырланбайтын қалыңдығы 5 мм-ге дейiн болат бұйымдарын және жеңiл балқитын металдарды пiсiргенде қолданады. Оң әдiстi тереңдеу дәнекерлеуде қалыңдығы 5 мм-ден жоғары металдарды өңдеу үшiн қолданады.Газбен дәнекерлеу режимi металдардың диаметрi мен газ дәнекерлеу жалынының қуатымен анықталады. Сымдарының диаметрi дәнекерлеу әдiсi мен дәнекерленетiн металдардың қалыңдығына байланысты.