Дәнекерлеу өндiрiсi. Балқытып жане қысыммен дәнекерлеу
Дәнекерлеу дегенiмiз ажырамайтын байланыстары бар балқытылып бiрге кристалданған 2 металдың араласуы. Араласу жоғарғы температурадағы диффузиялық әдiспен жүредi.Дәнекерлеу әдiсi:
1) Балқытып дәнекерлеуде бiрiктiрiлетiн детальдардың жиектерi, оны негiзгi металл деп атайды және қосымша металдарды балқу температурасынан асыра қыздырып ортақ сұйық металл жасалады. Қыздыру тоқталғаннан кейiн ванна суып кристалдану нәтижесiнде дәнекерлену жiгi қалыптасады да, дәнекерленген жiк және оның аумағы әдеттегi температураға дейiн салқындайды.
2) Қысыммен дәнекерленуде дәнекерленетiн металл беттерi пластикалық күйге, тiптi балқу температурасына жуық деңгейге қыздырылып оған қосымша механикалық күш түсiрiледi. Қорғасын, алюминий, мыс, т.б. созымталдығы жоғары металдарды қыздырмай қысыммен-ақ дәнекерлеуге болады.
Металдарды дәнекерлегенде дәнекер деп аталатын жеңiлбалқып дәнекерлеу жiгiне отырғызылатын металды ғана балқытады. Негiзгi металдың балқымаған қабаттарының беттерiне балқыған дәнекер атомдарының диффузия арқылы араласуы нәтижесiнде бұйымдар бiрiгедi. Дәнекердiң балқу температурасына байланысты дәнекерлеудi жұмсақ және қатты дәнекерлермен дәнекерлеу деп бөледi.Жұмсақ дәнекерлерге балқу температурасы 4000С-тан аспайтын дәнекерлер жатады. Бұйымды қыздыру мен дәнекердi балқыту дәнекерлеу аспабымен жүргiзiледi. Оның жұмыс атқаратын бөлiгi мыстан сына тәрiздi етiп жасалады, тұтқасы бар. Дәнекерлеу аспабын көрiкте, дәнекерлеу лампасымен немесе газ шiлтерлерiмен қыздырады. Электр тоғымен қыздырылатын дәнекерлеу аспабы көбiрек қолданылады. Сапалы қосынды жасау үшiн бұйым беттерiн механикалық немесе химиялық тәсiлдермен жақсылап тазартып, саңлау мөлшерi 0,1 мм-ден аспауы керек.Қатты дәнекерлердiң балқу температурасы 500-10830С аралығында болады. Олардың қатарына таза мыс пен мыстың мырыш және күмiспен қорытпалары жатады. Барлық көмiртектi және легирленген болаттар оның iшiнде тотбаспайтын және аспап болаттары, қатты қортпалар, сұр және қақтауға төзiмдi шойынд