Ұсталық-престі қондырғылар

Машиналық темір соғу (ковка) соғатын балғалар (молот) мен соғатын гидравликалық престерде жасалады.Балғаларда дайындама металының пластикалық деформациясы секундтың мыңдық бөлігінде орындалады, себебі динамикалық істі машиналар болып табылады. Металл, балғаның құламалы бөліктерінен жиналған энергия есебінен деформацияланады. Балғалар пневматикалық және бу-ауалы болып бөлінеді.Пневматикалық соғатын балғаларда ұсақ шыңдамаларды (поковка) (20 кг-ға дейін) өндіріледі.Пневматикалық балғалар құламалы бөліктерінің 50-ден 1000 кг-ға дейін массаларына ие болады. Прокатталған дайындамалардан жасалған орташа массалы (20-350кг) шыңдамаларды дайындау үшін арналған бу-ауалы соғатын балғалар электр тасымалдатқыш ретінде ауаны қолданады. Балғалар станинаның конструкциясына қарай, мостты, бірбағаналы және қақпалы болып бөлінеді. Бу-ауалы балғалар құламалы бөліктерінің 1000-5000 кг массасына ие болады.Дайындаманың деформациясы ондық секунд бойы созылатын, гидравликалық пресстерде, яғни статикалық істі машиналарда, ірі дайындамаларды өндіреді, көбінесе құймалар. Соғу үшін сонымен бірге механикалық, газдық және жоғары жылдамдықты балғалар қолданылуы мүмкін.Еркін темір соғудың (свободная ковка) азөндіргіш процесінің механизациясы мен автоматизациясы үлкен мәнге ие. Бұл соғуда қосымша операциялардың қиындығын төмендететін механизмдер мен құрылғылар кең қолданылады: мостты крандар, соғушы бұрылатын крандар, лебедкалар, іліну клещтері, бұрылатын үстелдері бар электртележкалар, электрлі кантовательдер, отырғызу машиналары, манипуляторлар және т.б. Шыңдамалардың дәлдігін арттыру мақсатында өнім сапасын қадағалау жүйесі жасалған. Сонымен бірге радиактивті изотоптары бар датчиктер, фотоэлементтер және т.б. сияқты құрылғылар қолданылады.