Престеу
Престеу – матрица арқылы металды нығыздау процесі болып табылады. Престеу – қысыммен өңдеудің бір түрі болып табылады, мұнда металды жабық түрде матрицаның тесігі арқылы нығыздайды. Бұл әртүрлі профильді дайындалған нәрселерді алудың қазіргі заманғы тәсілі: диаметрі 20…400 мм және қабырғасының қалыңдығы 1,5…15 мм болатын құбырлар; көлденең қимасының ауданы 500 см2 күрделі қималы профильдердер алу үшін қолданылады.Бірінші рет бұл әдісті академик Курнаков Н.С. 1813 жылы ғылыми тұрғыда негіздеген болатын және алғашқыда қалайы−қорғасынның қорытпасынан жасалған құбырлар алу үшін қолданылды. Қазіргі кезде бастапқы дайындалған нәрсе ретінде көміртектелген және легирленген болаттың құймалары немесе прокаттары, сонымен қатар түсті металдар ( мыс,алюминий, магний, титан, мырыш, никель, цирконий, уран, торий). мен олардың қорытпалары қолданылады.Престеудің технологиялық процесі мынадай операцияларды белгілейді:
-Дайындалған нәрсені престеуге дайындау ( кесу, станокта алдын ала егеу, себебі дайындалған нәрсенің бетінің сапасы профильдің нақтылығы мен сапасына әсер етеді); -Дайындалған нәрсені қыздыру;
-Дайындалған нәрсені контейнерге салу;
-Престеу процесі;
-Бұйымды әрлеу.
Престеу қуаты 10 000 т. болатын вертикаль және көлденең орналасқан плунжері бар гидравликалық престе жасалады.Престеудің екі түрлі әдісі қолданылады: тура және кері. Тура престеу кезінде престің пуассон қозғалысы мен металдың матрицаның тесігі арқылы бітуі бір бағытта болады. Тура престеу кезінде көп күш жұмсау қажет, себебі жартысы контейнердің ішіндегі дайындалған металдың ауысуы мен үйкелісін жеңуіне кетеді. Қалдық пресс дайындалған нәрсенің массасының 18…20 % құрайды ( кейбір жағдайларда – 30…40 %).Дайындалған нәрсені кері престеу кезінде керең контейнерге салады және ол престеу кезінде қозғалмайды, ал матрицаның тесігі арқылы металдың бітуі пуансонның матрицамен қозғалысына қарсы бағытта болады. Кері престеу аз жігерді қажет етеді, қалдық−пресс 5…6 % құрайды. Бірақ аз деформация престелген прутоктың құйма металл құрылымының ізін сақтап қалғанға алып келеді. Конструктивтік сұлбасы өте ауыр.Престеу процесі келесі параметрлермен сипатталады: тарту коэффициенті, деформация дәрежесі және матрицадан металдың біту жылдамдығы. Тарту коэффициенті контейнердің көлденең қимасы ауданының матрицаның бүкіл тесіктерінің қимасы ауданына қатынасына тең.Деформаця дәрежесі:
Матрицадан металдың біту жылдамдығы тарту коэфициентіне пропорционал:
Престеу кезінде металл біркелкі емес жан−жақты қысуға душар болады және жоғары пластикалық қасиетке ие болады.Процестің негізгі артықшылықтарына:
-Металды өңдеу мүмкіндігі (пластикалық қасиетінің төмендігіне байланысты басқа әдіспен өңдеу мүмкін емес);
-Практика жүзінде кез келген көлденең қималы профильді алу мүмкіндігі;
-Матрицасын ғана ауыстырып бір ғана престік құрылғыда бұйымдардың кең көлемдегі сортаментін алу мүмкіндігі;
-Жоғары өнімділік, 2…3 м/мин дейін.
Процестің негізігі кемшіліктері:
-бірлік бұйымға келетін пресс−қалдық түріндегі металдың жоғары шығыны;
-бұйымның көлденең қимасы және ұзындығы бойынша кейбір жағдайларда байқалатын механикалық қасиеттерінің біркелкі еместігі;
-престелген құралдың тұрақтылығы төмен және бағасының жоғары болуы;
-жоғары энергосиымдылығы.