Айналымның арасынан өткізу

Сүйрету немесе айналымның арасынан өткізу - матрицаның тесігі арқылы дайындалған нәрсені созуға негізделген металдың пластикалық деформациясы, мұндағы оның көлденең қимасы бастапқы дайындалған нәрсенің көлденең қимасынан кіші. Сүйретудің мынадай түрлері бар: алғашқы жазылған (дайындалған) және таза ( дайын өнімге қажетті форма мен көлем, сапа беруге арналған операцияны талап етеді ); бір және қат-қабат (бір ғана дайындалған нәрсенің бірнеше кезекті ауысулармен айналымның арасынан өтуі); бір және көпретті нақты емес ( бір уақытта созылатын дайын нәрселердәің сан мәні: 2, 4, 6, 8 болатын); талшықтың бойлық осіне қатысты қозғалмайтын және салыстырмалы айналмалы; суық және жылы. Айналымнын арасын өткізуді - өте жұқа сымдарды алу үшін, болат пен түсті металдардан жасалған құбырдың қимасының калибровкасы үшін айналымнан өткізетін, сүйретуші денелерде өткізеді. Айналымның арасынан өткізу арқылы диаметрі 0,002…4 мм болатын сымдарды, прутоктарды және фасондық қимадағы профильдерді, жұқақабырғалы құбырларды (соның ішінде капиллярлық) алады. Сонымен қатар айналымның арасынан өткізуді өңделетін бұйымның үстіңгі бетінің сапасын арттыру үшін және қиманың калибровкасы үшін қолданады. Айналымның арасынан өткізуді көбінесе бөлме температурасында орындайды, бұны металдың механикалық қасиеттерін арттыру үшін қолданады, мысалы, мықтылық шегі 1,5…2 есе өседі.Бастапқы материал ретінде сым, сорттық прокат, пруток, құбыр қолданылады. Айналымның арасынан өткізу арқылы болаттың әртүрлі химиялық құрамдағы түрлерін, түсті металдар мен олардың құймаларын өңдейді.Өте жұқа сымдарды (0,002мм − 4мм) алу үшін металды айналымның арасынан өткізу қыздырусыз қолданылады. Айналымның арасынан өткізу кезіндегі негізгі құрал – әртүрлі конструкциядағы матрицалар. Матрицаны мықты құймалардан жасайды. Матрицаны, оның аса нақты профильдерін алу үшін алмаздан жасайды. Қысудың бір циклы ішінде дайындалған нәрсенің қимасын қатты кіщірейтуге болмайды, себебі күштеуді айналымнан шығатын дайындалған нәрсенің соңына қолданылу мүмкін. Өте қатты күштеуден сым үзіліп кетуі мүмкін. Профильдің нақтылығы 6 квалитетке жетуі мүмкін және бетінің кедір бұдырлығы − 0,32мкм жетпейді. Металды созатын тесік фильер деп аталатын құралда орналасады.Пластикалық деформацияға жоғары кедергілері бар вольфрам мен молибденді бөлме температурасында айналымның арасынан өткізу кезінде, оларды созылатын металды қыздыратын камера арқылы өткізу арқылы 700—800° дейін қыздырады.Айналымның арасынан өткізудің технологиялық процесі төмендегідей операциялардан тұрады:
-Ұсақ дінді құрылымдағы металды алу үшін дайындалған нәрсені алдын ала жасыту және металдың пластикалық қасиетін арттыру;
-Қабыршақтануын алып тастау үшін күкірт қышқылының жылыған ерітіндісінде дайындалған нәрсені улау, қабыршақтануын алып тастағаннан кейін мыстандырады, фосфорландырады, әктейді, қабатқа май жақсы жабысады және үйкеліс коэффициенті азаяды;
-Айналымның арасынан өткізу, дайындалған нәрсені бірте−бірте кішірейетін тесіктерден созады;
-Тойтарысты жоюға арналған жасыту, болат үшін 70…85 % қысудан кейін, түсті металдар үшін 99 % қысудан кейін;
-Дайын өнімді өңдеу ( ұштарын кесу, түзету, бірқалыпты ұзындықты кесу және т.б. ).
Айналымның арасынан өткізу арнайы сүйрететін денелерде орындалады. Созылатын құрылғының түріне байланысты мынадай денелерді айырады:
-созылатын металдың түзусызықты қозғалысымен (тізбекті, тақтайлық);
-өңделетін металды барабанға орау арқылы. Барабандық түрдегі денелер сымдарды алу үшін қолданылады. Барабандар саны жиырмаға жетуі мүмкін. Сүйрету жылдамдығы 50 м/с жетуі мүмкін.
Айналымның арасынан өткізуді мынадай параметрлермен сипаттауға болады: созылу коэффициенті және деформация дәрежесі.Әдетте, бір жүріс үшін созылу коэффициенті 1,3−ден аспайды және деформация дәрежесі – 30 %.Айналымның арасынан өткізудің қолданылуы.
-Өте үлкен ұзындықтағы профильдерді шығару үшін, бірақ салыстырмалы түрде әртүрлі формадағы кіші немесе өте кіші қималар қалыңдығының көлденең қимаға қатынасы 12−ден аспайтын. Бұндай бұйымдарды сым деп атайды. Сым өте ұзын болғандықтан оны катушкаға орайды. Айналымның арасынан өткізу арқылы диаметрі 6—8 мм болатын сымдарды алуға болады;
-Орташа немесе үлкен қималары бар профильдерді алу үшін, енінің қалыңдығына қатынасы 20−дан аспайтын;
-Әртүрлі формалары мен қималары бар құбырларды алу үшін, айналымның арасынан өткізу арқылы диаметрі 0,5 мм дейінгі құбырларды алуға болады.Айналымның арасынан өткізудің жылдамдығы: 2−ден 3000 м/мин (50 м/сек) дейін. Айналымның арасынан өткізудің жылдамдығы әртүрлі факторларға байланысты. Қатты және пластикалық қасиеті төмен құймаларды, сонымен қатар мықтылығы аз металдарды төменгі жылдамдықпен созады. Үлкен жылдамдықтар айналымның арасынан мыс сымдарды өткізгенде қолданылады.