Прокаттау
Прокаттау– қысыммен өңдеудің кең таралған түрі. Прокатталған бұйымның көлденең қимасының конфигурациясы − прокаттың профилі деп аталады. Әртүрлі формадағы және көлемдегі профильдердің жиынтығы – сортамент деп аталады. Прокаттың профиліне байланысты оның төрт негізгі группалары бар: листтік, сорттық, құбырлық және арнайы.
Созу коэффициентіl1 – дайындалған нәрсенің қорытқы ұзындығы, l0 – бастапқы ұзындық.Болаттан және түсті металдардан жасалған листтік прокат қалыңлисттік (4…60 мм), жұқалисттік (0,2…4мм) және қаңылтыр( 0,2 мм−ден кіші ) болып бөлінеді. Қалыңлисттік прокат ыстық күйінде алынады, ал листтік прокаттың қалған түрлері салқын күйде алынады.Сорттық прокаттың мынадай түрлерін айырады: соғу және прокаттау үшін дайындалған нәрсенің дөңгелек, квадрат және тікбұрышты қималары; қарапайым сорттық профильдер ( дөңгелек, квадрат, алтыбұрыш, сызықша және лента); фасондық сорттық профильдер; профильдің жалпы белгіленуі ( бұрыш, швеллер, тавр, двутавр); профильдің салалық белгіленуі ( теміржол рельстері, автокөлік ); профильдің арнайы белгіленуі ( егеуіш және рессор үшін профиль).Құбырлық прокатты арнайы құбырлыпрокатты денелерде алады. Құбыр− дөңгелек және жалпақ дайындалған нәрсенің екінші реттік қайта өңдеу кезіндегі өнімі.Бір−біріне қарама−қарсы орналасқан екі дестедегі ойықтың жалпы профилі калибр деп аталады.Металды қысуға дейінгі (H) және қысудан кейінгі (h) жуандық айырмасы прокат кезінде абсолют қысу деп аталады, ал H — h айырымының (абсолют қысудың) бастапқы жуандығына қатынасы салыстырмалы қысу ε = (H-h)/H*100%деп аталады.Әртүрлі прокаттық денелердің принципиалдық құрылымы ұқсас. Прокаттық денелер келесі негізгі элементтерден тұрады: жұмыстық сызық, қозғалтқыш, тасымалдағыш механизмнен тұрады.Жұмыстық сызық бір немесе бірнеше жұмыстық клеткалардан тұрады.Қазіргі заманғы өндірісте металдарлы өңдеудің мына түрлері қолданылады: прокаттау, тығыздау, сүйрету, соғу және штамптау. Прокаттау – айналып тұрған белдіктер арасындағы дайындаманы(загатовка) сығу 2 прокатталған станның дайын размерін көлденең кішірейту мақсатында және оған белгілі пішін беру үшін қолданылады. Рүйк үйкеліс күші дайындаманы валкаға жинақтайды, ал Ғ күші оны деформациялайды.Престеу дегеніміз – дайын 1 металды ығыстыру процесі кезінде 2 матрица саңылауы арқылы өту; осы контурлы матрицаның дайын қимасының соңғы саңылауына сәйкестенеді. Дайындама 3 контейнерге орналастырылады, 4 аспапты басу үшін оған Ғ күші әсер етеді.Ғ күшін прокаттау кезінде 1дайындаманы 2 сүйрету саңылауы арқылы өткізеді. Бастапқы дайын қиманың ауданы соңғы сүйреу қимасының ауданынан кем.Соғу– формасын өзгерту үшін және 2 аспапқа дайындама 1 размерінің Ғ күшіне бірізді әсер етуі есебінен.Штамптау – формасын өзгерту мақсатында және әрбір бөлшектің дайын размерін арнайы жасап шығару.Штамп дегеніміз – деформацияланған аспап, материал немесе дайындама размері мен формасын алу үшін әсер етілуі, осы аймақтардың бетіне немесе құралдарына сәйкестенуі. Штамптауды табаққа бөлу – 1 дайындама 2 пуансонмен деформацияланады, және 3 матрицамен, және көлемденуі – дайындама 1 екі бөліктің штампымен деформацияланады.