Суық пластикалық деформация

Деформациялаудың температура – жылдамдық жағдайларына байланысты деформация суық және ыстық болып бөлінеді. Суық деформация жағдайында металл дәндерінің пішіні ол тартылатын бағытқа қарай өзгереді . Суық деформация кезінде металл пішінінің өзгеруі оның механикалық және физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты болады. Ол құбылысты беріктігінің артуы (тым қаттылық) деп атайды.Механикалық қасиеттерінің өзгеруі суық пластикалық деформация нәтижесінде және ол артқан сайын металдың беріктігі артып , созылғыштығы төмендеуінен болады. Металдың қаттылығы артып, созылғыштығы төмендей береді. Суық деформация процесінде жылжу жазықтығы айналып , кристалл торлардың өзгеруі нәтижеснде металдың беріктігі артады.Суық деформацияның металл құрылымы мен қасиетіне тигізетін әсері өзгеріссіз қалады. Оны тек термиялық өңдеу (жасыту) арқылы ғана өзгертуге болады. Соның нәтижесінде қосымша жылу энергиясы әсерінен қатты металдың атомдары фазалық өзгеріссіз-ақ деформацияланып созылған дәндер орнына жаңа дәндер қайта пайда болады.Деформациялаусыз созылған дәндер орнына жаңа біріңғай осьті дәндері пайда болуы құбылысын рекристалдану деп атайды. Таза металдар үшін рекристалдану оның абсолютті балқу температурасның 0,4-не тең температурада басталады. Рекристалдану белгілі жылдамдықпен өтеді, деформацияланған дайындаманың қыздыру температурасы жоғарылаған сайын, оның жылдамдығы төмендей түседі.Деформациялаудың температура – жылдамдық жағдайларына байланысты деформация суық және ыстық болып бөлінеді.Ыстық деформациялау деп дайындаманың барлық көлемі бірдей рекристалданып, қысым арқылы өңделгеннен соң микроқұрылымның біріңғай осьті болуын айтады.Ыстық деформациялау үшін оның деформациялану жылдамдығын арттырумен қатар дайындаманың қыздыру температурасын (рекристалдану жылдамдығын арттыру үшін) жоғарылату қажет.Егер деформацияланғаннан соң, металл құрылымы бірыңғай рекристалданбаса, ондай деформация толық емес ыссы деформация делінеді. Толық емес ыстық деформация нәтижесінде металл құрылымы бірыңғай болмай механикалық қасиеттері мен созылымдылығы нашарлайды.Ыстық деформация кезінде металдың деформациялануға қарсылығы суық деформациялаумен салыстырғанда 10 есе төмен. Деформациялау күші кемірек болатындықтан ірі детальдар дайындамасы осы тәсілмен өңделеді.Суық деформациялаумен салыстырғанда, ыстық деформациялау кезінде металдың созылғыштығы жоғары болатындықтан, бұл әдіспен де деформациялануы қиын , созылғыштығы төмен металдар мен қорытпалар өңделеді.Суық деформация жағдайында металл дәндерінің пішіні ол тартылатын бағытқа қарай өзгереді . Суық деформация кезінде металл пішінінің өзгеруі оның механикалық және физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты болады. Ол құбылысты беріктігінің артуы (тым қаттылық) деп атайды.Деформациялаусыз созылған дәндер орнына жаңа біріңғай осьті дәндері пайда болуы құбылысын рекристалдану деп атайды. Таза металдар үшін рекристалдану оның абсолютті балқу температурасның 0,4-не тең температурада басталады. Рекристалдану белгілі жылдамдықпен өтеді ,деформацияланған дайындаманың қыздыру температурасы жоғарылаған сайын, оның жылдамдығы төмендей түседі.