Метелды қысым арқылы өңдеу

Металды қысым арқылы өңдеу оның созылымдық қасиеттеріне негізделген. Таза металдың ондай қасиеттері жоғары болады. Қорытпа компоненттері сол қасиеттерге едәуір әсер етеді. Болаттың құрамында көміртегі мөлшері артқан сайын, оның созылғыштығы төмендейді. Көміртегі мөлшері 1,5 %-тен артық болаттардың соғылуы қиындай түседі. Легірленген болаттардың құрамындағы хром мен вольфрам оның созылғыштығын төмендетсе , ал никель мен ванадий ол қасиетін арттырады. Егер серпімді деформация кезінде деформация кезінде деформацияланған дене бастапқы пішіні мен өлшемдеріне қайтып келе алса, пластикалық деформация жағдайында сырттан әсер еткен күш нәтижесінде өзгерген пішіні мен өлшемдері ол күш тоқтатылғаннан соң өзгермей қалады. Соның нәтижесінде металдың құрылымы мен механикалық қасиеттері өзгереді. Пластикалық деформация кезінде атомдар бір-бірінен атомаралық қашықтықтан молырақ қашықтықта бір деңгейде жылжиды. Атомдар бір кристаллографиялық жазықтықта жылжып ара қашықтықтары өзгермей атомдардың әрекеттесу күші сақталып деформация нәтижесінде дененің тұтастығы сақталады.Қысым арқылы өңдеу өндіріс өнімділігі жоғары процесс болып табылады , өйткені дайындаманың өлшемдері мен пішіні бірденінен үлкен күш әсер еткенде өзгереді. Өңдеудің бұл түрінде металл шығыны кемірек болады. Осы ерекшеліктері машина жасау өндірісінде қысым арқылы өңдеудің үздіксіз артуына себін тигізеді. Өндірілетін болаттың 90 %-тейі және түсті металдардың тең жартысы қысым арқылы өңделеді.Металдарды қысыммен өңдеуде қызуы,Төменгі күштермен және жоғарғы деформацияланған дайындамасының қызуы арқылы қысыммен өңдеуді жүргізу рұқсат етіледі.Көміртекті болаттың қыздырылуы 3000С-дан жоғары болғанда деформациялануға кедергісі азаяды (10 есе), ал майысқақтық көбейеді (10%) және айтарлықтай серіппелі қасиеті түгелімен жойылады. Сондай-ақ қалдық кернеулігінің пайда болуы шешіледі.Әрбір материалдарды қыздыру кезінде химилық қасиеті мен құрылымына байланысты белгілі температуралық интервалдар қатал қарастырылады.Темір – көміртекті жүйесінің диаграммасы негізгі көміртекті болаттың температуралық интервалын таңдауына қызмет етеді.Ең алдымен, жоғарғы температурада қызу таңдалады. Солидус сызығына жақын орналасқан көміртектік болаттың температурасының қызуы, қайта орнамайтын ақауға ұшырауы мүмкін. Төменгі температура болатты қатты қыздыруы мүмкін және де дәндердің размерлерінің өсуі тездетіледі.Дайындаманы жоғарғы температурада қыздырылуы зиянды құбылыстарға алып келеді. Металдың атмосферада (яғни, ауамен) әсерлесуінен металл тотығады, нәтижесінде темір оксидінен тұратын қабыршақ пайда болады. Қабыршақ жоғарғы ғаттылыққа ие, қыздырылғаан металға қарағанда, сондай-ақ деформацияланған құралдың тозуы екі есе көтеріліп (өсіп) бара жатыр. Дайындаманың беткі қасиетін қабыршақ тәрізді нашарлатады.Көміртек те тотығады, дайындаманың көміртексізденуіне әкеліп соғады.Сонымен қатар төменгі температура металға үлкен әсерін тигізеді (рекристаллизация температурасынан төмен емес). Суық құралдардың түйісуін өңдеу салдарынан және қоршаңан ортаның жылулығын саралауда дайындаманың суынуы нормадан асып кетуі мүмкін. Бұл металдың шытынауына және нығаюына алып келеді егер өңдеуді төменгі шек температурасынан жоғары аяқтасақ, онда ірі дәнді дайындаманың деформациялану құрылымын суынуы кезінде алуға болады, ол машина бөлшектерінің соққыға беріктілігі (мықтылығы) төмендейді.Температураның диапазонына қарамастан қызу жылдамдығы орнайды, қыздыру құралдарының және басқа дайындама параметрлерінің уақытқы төзімділігі.