Қысыммен құю
Қысыммен құюдың мәні балқытылған металды метал қалыпқа (пресс-формаға) құю кезінде, ол өздігінен емес, құйманың толық кристалдануына дейін қамтамасыз етілетін 350 МПа қысыммен ағуында.Қысым қалыптың тез және жақсы толтырылуын, құйманың жоғары дәлдігі мен беттік қабатының азғантай ғана кедір-бұдыр болуын қамтамасыз етеді. Құйманы мәжбүрлі қоректендіру отырғызылу қабыршақтарын, борпылдақтығын пайда болдырмайды. Қысыммен құю арқылы қабырғасының қалыңдығы 0,8 мм-ге дейін онан арғы механикалық өңдеуді талап етпейтін құймаларды алуға болады. Қысыммен құю кезіндегі еңбек өнімділігі құюдың басқа тәсілдеріне қарағанда жоғары. Көп ұялы пресс-формаларды қолдану кезінде мырыш қорытпасынан сағатына 20000 құймаға дейін алады. Цехте жұмыс істеудің санитарлы-гигиеналық шарттары механикалық өңдеу цехтарының шарттарымен салыстырмалы. Қысыммен құю кезінде құймалар отырғызу кезінде, яғни өзектерде пресс-формадан алғанда және итеріп шығарда метал өзектердің тығыз қысуы кезінде мардымды жүктеу сынайды. Осыған байланысты қолданылатын балқытып құйылатын қорытпалар ыстық жарылудың пайда болуына жоғары қарсылыққа, жоғары температура кезінде қажетті төзімділікке ие болып, пресс-форма мен престеу камерасының металымен әрекеттеспеу керек. Қысыммен құю кезінде ең көп қолданылатындар мырыш, алюминий, магний қорытпалары, ал мыс қорытпаларынан – жез. Мырыш қорытпалары жақсы құйылу қасиеттеріне ие, балқу температурасы төмен (400-430С), пресс-форма мен престеу камерасының металымен әрекеттеспейді деуге болады.