Балқытылып алынатын модульге құю
Балқытып құю өндіріс–машиналық құрылыстың негізі, ол пішінге келтіруге байланысты детальдарды арнайы пішінге келтірілген формаларға балқытылған металды құюға негізделген. Суытылу кезінде балқытылған металл құылып тұрған ыдыстың конфигурациялық формасын алады. Алынған өнімді құйма деп атайды. Балқытылған металдағы кристаллизация процесі және оны суыту кезінде құйманың механикалық және эксплуатациялық қасиеттері пайда болады.Балқытып құю әдісімен массасы 20г-нан 300т-ға, ұзындығы бірнеше сантиметрден 0,5-500 мм-ге дейін болатын неше түрлі конструкциялар алуға мумкіндік бар ( цилиндр блоктары, поршеньдер, редукторлардың корпустары мен қалпақтары, тісті дөңгелектер, турбиналық күректер және т.б).Құйманы дайындау үшін көптеген әдістер қолданады: қаптағыш пішіндегі, тор пішіндегі, түзулегіш модельдерге, қысыммен, центрден қаштырып құю және т.б. Белгілі бір балқыманың қолданылу аймағы өндірістің көлеміне шағылады, оның талаптарына сәйкес геометриялық дәлдік, құймалық беттң тегістігі, экономиялық дұрыстығы және басқа да факторлар кіреді.Құймалық балқымалар физикалық және экспллуатациялық қасиеттерге байланысты жоғарғы құймалық қасиеттерді өз бойында алу керек ( жоғарғы сұйықаққыштық, жыралардың пайда болуына қарсы қабілеттілігі және т.б).Балқыманы белгілі бір құйылған детальдарға таңдау өте қиын болып табылады, өйткені реалды жағдайда барлық талаптарға көңіл бөлу мүмкін емес.Жіңішке, пішініі бойынша күрделі немесе размері бойынша өте үлкен құймаларды дефектісіз алу балқыманың құймалық қасиеттерімен анықтайды. Балқыманың құймалық қасиеттерінің ең маңыздылары: сұйықаққыштығы, отырғызылуы ( сызықтық немесе көлемдік ), жыралардың пайда болуына сезгіштігі, газды сіңіру және газдық раковиналардың түзілуі мен балқымалардың тесіктеріне байланысты бейімділігі.Сұйықаққыштық – бұл металлдар мен құймалардың балқытылған күйінде құймалық пішінмен ағуы, оны толтыруы және нақты бір пішін алуы.Құймалық балқыманың сұйықаққыштығы кристаллизацияның температуралық интервалына, жабысқақтығына және балқыманың беттік созылуына, құйма температурасына, пішініне, құймалық пішіннің қасиеттеріне және т.б. тәуелді.Тұрақты температурада қататын таза металдар мен балқымалар қатты қосылыс түзетін балқымаларға қарағанда жақсы сұйықаққыштыққа ие.Жабысқақтық жоғары болған сайын сұйықаққыштық кеми береді. Беттік созылу үлкейген сайын сұйықаққыштық кемиді және балқыма пішіні өтетін канал жіңішке болса, пішін температурасы және балқытылған металл температурасы жоғарылаған сайын сұйықаққыштық жақсарады. Пішіндік материалдың жылуөткізгіштігінің көбеюі сұйықаққыштықты кемітеді. Осылай, құмдық пішін жылуды жай шығарады, және балқымалық металл оны балқыманы интенсивті суытатын металлдық пішінге қарағанда жақсы толтырады.Құймалық балқымалардың сұйықаққыштығын арнайы жабдықталған технологиялық үлгілермен анықтайды. Балқытылған металлды графиттік жабқыш жабылған ыдысқа құяды. Жабқыш көтерілгеннен кейін металл алдымен зумпфқа құйылады, кейін спиральға біртекті құйылады. Сұйықаққыштық өлшемі ретінде миллиметрмен өлшенетін спиральға құйылған ұзындығын есептейді. Ең үлкен сұйықаққыштыққа сұр шойын ие, ал ең кішіге – магниттік балқымалар.Қаттыру және суыту кезінде көлемді кішірейтетін құймалық балқымалардың қасиеті – отырғызу. Отырғызу процестері құймаларда балқытылған металды құюдан бастап, құймалық пішіндегі балқыманың толық суығанына дейін жүреді. Қатыстық мөлшерде белгіленетін сызықтық және көлемдік отырғызылым біздерге мәлім.Сызықтық отырғызу – суытылу кезінде балқытылған металлдық қысымына төтеп беретін мықты бет пайда болғандағы температура мен қоршаған орта температурасына дейін қарастырылатын құйма пішінінің кішіреюі. Сызықтық отырғызуға балқыманың химиялық құрамы, құю температурасы, пішіндегі балқыманың суытылу жылдамдығы, балқымалық және құймалық пішіннің конструкциясы әсер етеді.