Балқытып құюдың арнайы тәсілдері

Балқытып құю өндірісі көлікжасаудың бір саласы болып табылады. Құймалы өндірістің мақсаты – сұйықты ағындыққа ие болатын металдар мен қортпалардан кез келген массалы, қалып пен өлшем бойынша түрлі бұйымдар дайындау.Жасалатын көліктердің көбісінде құйылған детальдар бөлігі орташа есеппен 40...50% алады.Құю кезінде балқытылған металды алдын ала дайындалған құйылатын бір реттік немесе тұрақты болатын қалыптарға құяды. Ішінде құйма алып болғаннан кейін бірреттік қалыпты бұзады; тұрақты қалып құйманың көп сандық өндірісі үшін жарамды болады.Құю тәсілін таңдау детальдың қызметті қолданысымен, өндірісті бағдарламамен, сонымен бірге қажетті дәлдікпен және құйма бетінің сапасымен анықталады.Құйманың үлкен бөлігі құмды (песчаные) қалыпқа құюмен жасалады. Кейбір жағдайларда бұл құймалар қажетті талаптарды қанағаттандырмайды. Сондықтан құюдың арнайы тәсілдерін қолданады: қабықшалы қалыпқа құю, балқытылып алынатын модельге құю, тұрақты металды қалыпқа – кокильге құю, қысыммен құю, центрден қашырып құю, электр шлакты құю және т.б.Кокильге құю,Металдан жасалған құймаға арналған қалыптарды кокиль деп атайды. Бір құйғаннан кейін бұзылатын бір реттік құмды қалыптарға қарағанда, бір метал қалыпта қолданылатын қорытпаның мөлшерімен күрделілігіне байланысты 50 ден 5000-ға дейін құйма жасауға болады. Кокильдердің жылуөткізгіштігі құмды-балшықты қалыптардыкіне қарағанда 60 есе артық және құймалардың ұсақдәнді құрылымын қамтамасыз етеді. Одан басқа кокильге құю кезінде құйманың дәлдігі мен беттік қабатының тазалығы артып, оларды механикалық өңдеудің көлемі азаяды, механикалық қасиеттері мен төзімділігі артады, еңбек өнімділігі бірнеше есе көбейіп, құю цехының ауданы үнемделеді (қалыптау қоспасын даярлау және құятын қалыптарды дайындау бөлімі керек емес). Кокильге құюдың кемшіліктері - кокильдің бағасының жоғары болуы, қызмет ету мерзімінің шектелген болуы, кокильдің қабырғаларының жоғары жылуөткізкіштігі әсерінен жұқақабырғалы құйманы алудағы күрделілік, құйма металының тез кристалдануы. Кокильде құйманы алудың технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады: кокильді дайындау; құю үшін кокильді жинау; кокильге балқыманы құю; құйманы кокильден алу; құйманы кесу, тазалау және қажет болған жағдайда термиялық өңдеу.Центрден қашырып құю, Егер балқыған металды белгілі бір жылдамдықпен айналмалы қалып қуысына құйсақ, онда оның бөлшектері центрден қашыру күштері әсерінен қалыптың айналу өсінен қашықтай береді және қалыптың қабырғасына кездесіп, қалыптың центрде қуыс құрып, қалаған пішін қабылдайды. Бұл құбылыс құймаларды центрден қашырып құю өндірісінде қолданылады. Қысыммен құюдың мәні балқытылған металды метал қалыпқа (пресс-формаға) құю кезінде, ол өздігінен емес, құйманың толық кристалдануына дейін қамтамасыз етілетін 350 МПа қысыммен ағуында.Қысым қалыптың тез және жақсы толтырылуын, құйманың жоғары дәлдігі мен беттік қабатының азғантай ғана кедір-бұдыр болуын қамтамасыз етеді. Құйманы мәжбүрлі қоректендіру отырғызылу қабыршақтарын, борпылдақтығын пайда болдырмайды. Қысыммен құю арқылы қабырғасының қалыңдығы 0,8 мм-ге дейін онан арғы механикалық өңдеуді талап етпейтін құймаларды алуға болады. Қысыммен құю кезіндегі еңбек өнімділігі құюдың басқа тәсілдеріне қарағанда жоғары. Төменгі қысымда құю,Тигельді балқымамен бірге үлестіретін пеште (камерада) қызуға төзгіш материалдан жасалған метал сым орналастырылған қақпақпен герметикалық етіп жабады. Метал сымды балқымаға оның ұшы тигельдің ұшына 40-60мм жетпейтіндей етіп орналастырады. Қақпаққа орнықтырылған қалыпты құйылатын төлкенің метал сымымен байланыстырады. Құймадағы қуыс метал, қабықшалы немесе құмды өзек арқылы жасалады. Төменгі қысымда құю процесінің негізгі артықшылықтары: қалыпты құю операциясының автоматтандырылуы; нұсқау камерасындағы қысымды өзгерте отырып, қалып қуысындағы балқыма ағынының жылдамдығын реттеу мүмкіндігі, құйманы қоректендірудің жақсартылуы; балқытып құю жүйесінде металл шығынын азайту