Болатты балқытудың жаңа тәсілдерінің өндірісі

Металдан жасалған үлкен 40-50т шойын сияқты, ішкі қабырғасы отқа берік кірпіштен қаланған ретортаны – конвертер дейді. Конвертор төңкеруге келетіндей етіп бекітіледі. Конвертордың түбіндегі тар тесіктер арқылы қатты сығлып үрленген ауа, шойынның тұла бойын тесіп өтіп, ондағы қоспаларды тотықтырады. Алдымен кремний мен марганец, одан кейін көміртек тотығады. Бессемерлеу 10-12 минутта бітеді, одан кейін конверторды төңкеріп босатып, келесі шойынды бессемерлеуге даярлайды. Бір конверторда бір тәулікте процесті 40-45 рет қайталайды.Шойындағы фосфордан арылту үшін Томас пен Джилькристтің ұсынысы бойынша, конвертордың ішкі қалауын (футеровкасын) доломит пен әктің қоспасынан жасайды. Осылардың ішіндегі кальций оксиді тотыққан фосформен (P2O5) реакцияласып:Қож түзеді, оны томасқож деп атап, тыңайтқыш ретінде пайдаланады.Бессемер, Томас әдісінің мынадай кемшіліктері де бар:
-Процесс тез жүретіндіктен оны басқару қиын, металға қож араласады, сондықтан жоғары сапалы болат алу да қиын.
-Шойындағы темірдің 10 –ы тотығып кетеді.
-Конверторға құятын шойын сұйық болуы қолайсыздық туғызады.
Мартен (1865ж) ұсынған әдісте бұл кемшіліктер жоқ. Мартен әдісінде регенератив пеші қолданылады. Пеште төрт регенератив-камера бар (І-ІV), олардың іші отқа берік кірпішпен арасынан газ өтетіндей етіп қаланған. Газ өткізгіш (І ) арқылы IV регенераторға ауа, ал газ өткізгіш (2 және 3) арқылы ІІІ регенераторға жанғыш газ (генератор газы) енгізедіЕкі газ араласып пештің алқабында жанады. Жанғанда түзілген ыстық газдар генератор (І- және ІІ-) арқылы өтіп, оның кірпішін қыздырып, құбыр (4) арқылы мұржадан шығып кетеді. Шүмектерді (5 және 6) бұраса, газдардың бағыты өзгереді: ауа мен жанғыш газдар І- және ІІ- регенераторға барады, мұндағы қызған кірпіштен температурасы 900-1000ғС дейін көтеріліп, өздері жанғанда 1800ғС дейін қызу береді; жанғаннан түзілген газдар енді ІІІ-ІV регенератордың кірпіштерін ысытып, одан кейін мұржаға кетеді.Мартен әдісінде, пешке шойынды (қатты күйде), темір сынықтарын, кенді үшеуін араластырып салып, балқытады. Тотықтыруға керекті оттек ауамен және кенмен бірге келеді.Осы үшеуін араластырғанда салмақ қатынастарын өзгерту арқылы, құрамында керекті мөлшерде көміртек бар болат алуға болады.Соңғы кезде болат қорытуға электр пештер қолданатын болды, мұнда температура 2000ғС –ге дейін жеткізіледі. Қорыту процесі мартен пешіндегіге ұқсас, бірақ пештің режимін басқарып отыру оңай болғандықтан, алынатын болаттың сапасы жоғары болады.Қай әдіспен болса да, шойыннан болат алу дейтініміз, шойындағы көмірекітң және тағы басқа қоспаларының мөлшерін азайтатын тотығу процесі.Темірді домнасыз алу соңғы кезде шыққан келешегі зор әдіс. Ол әдіс бойынша құрамында темірі аз ( «кедей») кендерді де өңдейді, әрі кокс аз шығындалады. Мұнда шойын орнына кесек-кесек болып темір шығады, оның қоспалары да аз болады. Ондай темірден болат жасау үшін шойынмен қосып балқытады ( көміртек араластыру үшін).Пеште төрт регенератив-камера бар (І-ІV), олардың іші отқа берік кірпішпен арасынан газ өтетіндей етіп қаланған. Газ өткізгіш (І ) арқылы IV регенераторға ауа, ал газ өткізгіш (2 және 3) арқылы ІІІ регенераторға жанғыш газ (генератор газы) енгізедіЕкі газ араласып пештің алқабында жанады. Жанғанда түзілген ыстық газдар генератор (І- және ІІ-) арқылы өтіп, оның кірпішін қыздырып, құбыр (4) арқылы мұржадан шығып кетеді. Шүмектерді (5 және 6) бұраса, газдардың бағыты өзгереді: ауа мен жанғыш газдар І- және ІІ- регенераторға барады, мұндағы қызған кірпіштен температурасы 900-1000ғС дейін көтеріліп, өздері жанғанда 1800ғС дейін қызу береді; жанғаннан түзілген газдар енді ІІІ-ІV регенератордың кірпіштерін ысытып, одан кейін мұржаға кетеді.Мартен әдісінде, пешке шойынды (қатты күйде), темір сынықтарын, кенді үшеуін араластырып салып, балқытады. Тотықтыруға керекті оттек ауамен және кенмен бірге келеді.Осы үшеуін араластырғанда салмақ қатынастарын өзгерту арқылы, құрамында керекті мөлшерде көміртек бар болат алуға болады.Соңғы кезде болат қорытуға электр пештер қолданатын болды, мұнда температура 2000ғС –ге дейін жеткізіледі. Қорыту процесі мартен пешіндегіге ұқсас, бірақ пештің режимін басқарып отыру оңай болғандықтан, алынатын болаттың сапасы жоғары болады.Қай әдіспен болса да, шойыннан болат алу дейтініміз, шойындағы көмірекітң және тағы басқа қоспаларының мөлшерін азайтатын тотығу процесі.Темірді домнасыз алу соңғы кезде шыққан келешегі зор әдіс. Ол әдіс бойынша құрамында темірі аз ( «кедей») кендерді де өңдейді, әрі кокс аз шығындалады. Мұнда шойын орнына кесек-кесек болып темір шығады, оның қоспалары да аз болады. Ондай темірден болат жасау үшін шойынмен қосып балқытады ( көміртек араластыру үшін).