Қортпалардың құйылу қасиеттері
Құйылатын қортпалар жоғары құйылу қасиеттеріне (сұйықты ағындық, аз отыру мен сызаттардың пайда болуына бейімділігі); қажетті физикалық және экономикалық қасиеттерге ие болуы керек. Қандай да бір құйылған детальдар үшін қортпалар таңдау жеңіл шаруа емес.Жұқа қабырғалы, қалып бойынша күрделі немесе өлшемі бойынша үлкен, мінсіз құймаларды алу мүмкіндігі қортпалардың құйылу қасиеттерімен анықталады. Қортпалардың құйылу қасиеттерінің ең маңыздылары: сұйықты ағындық (жидкотекучесть); отыру (усадка) – сызықты немесе көлемді отыру; сызаттардың пайда болуына, газдардың жұтылуына, газды қабыршақтың пайда болуына бейімділігі және т.б. болып табылады.Сұйықты ағындық– металдар мен қортпалардың балқытылған күйінде құйылатын қалып каналдары арқылы ағып, оның қуысын (полость) толтырып, құйма контурын нақты шығару қасиеті.Құйылатын қортпалардың сұйықты ағындығы кристалданудың температуралық интервалына, тұтқырлыққа және құю (заливка) мен қалып температурасына, құйылатын қалып қасиеттеріне т.б. байланысты болады.Тұрақты температурада қатайған таза металдар мен қортпалар, қатты ерітінділер қалыптастыратын қортпаларға қарағанда, көбірек сұйықты ағындыққа ие.Тұтқырлық жоғары болған сайын, сұйықты ағындық төмен болады. Сұйықты ағындық беттік керілумен төмендейді және құйылатын қалыптағы канал жұқа болумен үлкен болады, балқытылған металдың құйылуының температурасы мен қалып температурасының жоғарылауымен бірге сұйықты ағындық жақсарады. Қалып материалының жылуөткізгіштігінің артуы сұйықты ағындықты төмендетеді.Үлкен сұйықты ағындыққа сұр шойын ие болса, аз сұйықты ағындыққа – магнийлі қортпалар ие болады.Отыру– құйылатын қортпалардың қатаю мен сууы кезінде көлем төмендету қасиеті. Құймадағы отыру процестері, балқытылған металдың құйылатын қалыпқа құю сәтінен бастап, құйманың толық сууына дейін созылады.Сұйықты және көлемді отырулар ажыратылады.Сызықты отыру – балқытылған металдың қысымына төтеп бере алатын мықты қабықша пайда болатын температурадан, қоршаған ортаның температурасына дейін құйманың сууы кезінде оның сызықты өлшемдерінің кемуі. Сызықты отыруға қортпаның химиялық құрамы, оның құю температурасы, қалыптағы қортпаның суу жылдамдығы, құйма мен құйылатын қалыптың конструкциясы әсер етеді.Сұр шойынның отыруы құрамындағы көміртек пен кремний мөлшерінің көбеюімен азаяды. Алюминий қортпаларының отыруын кремнийдің көп мөлшері, ал құймалар отыруын құю температурасының азаюы төмендетеді.Қортпалардың ыстық сызаттардың пайда болуына бейімділігі металдық емес қосылыстар, газдар (сутегі, оттегі), күкірт және басқа да қоспалардың бар болуымен артады. Одан басқа, ыстық сызаттардың пайда болуы құйманың жұқа бөлігінен қалың бөлігіне кенеттен өтуін, үшкір бұрыштар, шығып тұратын бөлітерді болдырады. Құюдың жоғары температурасы металдық құрылым дәнінің артуына және құйманың бөлек бөліктеріндегі температура өзгерісінің артуына әкеледі, осының бәрі сызаттардың пайда болуы ықтималдығын көбейтеді.Құймалардағы ыстық сызаттардың пайда болуын алдын алу үшін ұсақ дәнді құрылымның қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау; құйманың жұқа және қалың қабаттарының бір уақытта сууын қамтамасыз ету; құю қалыптарының көнгіштігін арттыру; қортпаның құю температурасын мүмкіндігінше төмендету және т.б. жасау керек.Құймалардың сапасы мен шығарылуының артуына құю өндірісінде құюдың арнайы әдістерінің дамуы мен кең қолданылуы едәуір мөлшерде әсерін тигізді. Олар: кокильге құю (металл қалып), балқытылатын және күйдірілетін үлгілерге құю, қабықшалы қалыпқа құю, центрден қашырып құю, қысыммен құю және т.б.