Қалыптық қоспаларға қойылатын талаптар мен негізгі сипаттама
Қалыптық материалдар – қалыптық және сырықтық (стержень) қоспалар дайындау үшін қолданылатын табиғи және жасанды материалдар жиынтығы. Бастапқы материалдар ретінде қалыптық кварц құмдарын және құйылатын қалыптық саздарды қолданады. Саздар байланыстырушы қасиет пен термохимиялық тұрақтылыққа ие болады, бұл – күйіксіз құймалар алуға мүмкіндік береді. Егер саз қоспалардың қажетті қасиеттерін қамтамасыз етпесе, онда басқа түрлі байланыстырушы материалдарды қолданады. Одан басқа, күйікке қарсы қосылыстар (таскөмірлі шаң, графит), қорғаушы қоспалы материалдар (бор қышқылы, күкірт түсі) және басқа қосылыстар қолданылады.Қалыптық қоспа – құю қалыптарын дайындаудың технологиялық процестер жағдайына сай келетін қалыптық материлдардың көпкомлекті қоспасы. Қалыптық қоспалар қолдану сипаттамаларына қарай қаптайтын (облицовочные), толықтыратын (наполнительные) және бірыңғай (единые) болып бөлінеді.Қаптайтын қоспа – қалыптың жұмыстық қабатын дайындау үшін қолданылатын қалыптық қоспа. Мұндай қоспаларда бастапқы қалыптық материалдардың (құм, саз) жоғары мөлшері болады және олар жоғары физика-механикалық қасиеттерге ие болады.Толықтыратын қоспа – модельге қаптайтын оқоспаны енгізгеннен кейінгі қалыпты толтыру үшін қажетті қалыптық қоспа. Сондықтан оны бастапқы қалыптық материлдардың (құм, саз) аз мөлшерімен айналмалы қсопаны өңдеу жолымен дайындайды.Қаптайтын және толықтыратын қоспаларды ірі және күрделі құймаларды дайындауда қолданады.Бірыңғай қоспа – бірдей мезетте қаптайтын және толықтыратын қоспалар ретінде қолданылатын қалыптық қоспа. Мұндай қоспаларды көліктік қалыптауда және сериялы мен жалпы өндірістегі автоматтық желілерде қолданады. Бірыңғай қоспаларды, олардың ұзақ өмір сүргіштігін қамтамасыз ету үшін, байланыстырудың аса жоғары бейімділігі бар, отқа қажымайтын құм мен саздардан жасайды.Құйылатын металл түріне байланысты болатты, шойынды және түсті құюға арналған қалыптық қоспаларды ажыратады.Қалыптық қасиеттерге қойылатын негізгі талаптар: қалыптық қоспалар келесідей қасиеттерге ие болуы керек: отқа қажымастық, жеткілікті мықтылық, газөткізгіштік, майысқақтық, көнгіштік және т.б.Отқа қажымастық – қоспа мен қалыптың балқытылған металл температурасы әсерінен жұмсару немесе балқуға төтеп беру қасиеті. Құм ірі болған сайын, оның ішінде қосылыстар мен щаңдар аз болады және кремнезем көп болған сайын, соншалықты қоспа отқа қажымас болады. Төмен отқа қажымастық кезінде, құйма бетінде күйік – қалыптық немесе сырықты қоспалардың құйма бетімен мықты байланысы пайда болады.