Бірреттік балшық-құмдық қалыпқа балқытып құю

Балқытып құю өндірісі көлікжасаудың бір саласы болып табылады. Құймалы өндірістің мақсаты – сұйықты ағындыққа ие болатын металдар мен қортпалардан кез келген массалы, қалып пен өлшем бойынша түрлі бұйымдар дайындау.Жасалатын көліктердің көбісінде құйылған детальдар бөлігі орташа есеппен 40...50% алады.Құю кезінде балқытылған металды алдын ала дайындалған құйылатын бірреттік немесе тұрақты болатын қалыптарға құяды. Ішінде құйма алып болғаннан кейін бірреттік қалыпты бұзады; тұрақты қалып құйманың көп сандық өндірісі үшін жарамды болады.Құю тәсілін таңдау детальдың қызметті қолданысымен, өндірісті бағдарламамен, сонымен бірге қажетті дәлдікпен және құйма бетінің сапасымен анықталады.Құйманың үлкен бөлігі құмды (песчаные) қалыпқа құюмен жасалады. Кейбір жағдайларда бұл құймалар қажетті талаптарды қанағаттандырмайды. Сондықтан құюдың арнайы тәсілдерін қолданады: қабықшалы қалыпқа құю, балқытылып алынатын модельге құю, тұрақты металды қалыпқа – кокильге құю, қысыммен құю, центрден қашырып құю, электр шлакты құю және т.б.Құюдың мәнісі – балқытпаны, қуысы құйманың конфигурациясына ие болатын құмды қалыпқа құю болып табылады; қатайған және суытылған металл немесе қортпа бұл қуыстың конфигурациясын сақтайды.Құймаларды дайындау үшін қолданылатын құралдар құятын жабдықтау (оснастка) деп аталады. Технологиялық құралдардан тұратын құятын жабдықтаудың бөлігі модельді комплектті береді. Қалыптауды жүргізу үшін опоктар, плиттер, штырьлер, шаблондар болу керек.