Балқытып құю өндірісі
Металдық дайындамалар мен детальдар дайындаудың негізгі тәсілдеріне балқытып құю, қысыммен өңдеу мен кесумен өңдеу тәсілдері жатқызылады.Балқытып құю немесе құю өндірісі – балқытылған металды, қуысы (полость) дайындаманың конфигурациясын қабылдайтын, арнайы қалыпқа құю арқылы фасонды дайындама мен детальдар дайындаумен айналысатын көлікжасау саласы. Суыту кезінде құйылған металл қатады және қатты күйінде құйылған қуыстың конфигурациясын сақтайды. Соңғы өнімді құйма (отливка) деп атайды. Балқытылған металдың кристалдану процесінде және кейін де суу процесінде құймалардың механикалық және эксплуатациялық қасиеттері қалыптасады.Құю арқылы бірнеше грамнан 300т-ға дейінгі массалы, бірнеше см-ден 20 м-ге дейінгі ұзындықты, 0,5-500 мм-ге дейінгі қалыңдықты құймалардың түрлі конструкциялары алынады (цилиндр блоктары, поршеньдер, иінді біліктер, редукторлардың корпустары мен қақпақтары, тісті дөңгелектер, турбиналы лопаткалар және т.б.).Құймаларды дайындау үшін құюдың көптеген тәсілдері қолданылады: құмды қалыпқа құю, қабықшалы қалыпқа құю, балқытылып алынатын модельге құю, кокильге құю, қысыммен құю, ценртден қашырып құю және т.б. Құюдың қандай да болмасын тәсілінің қолдану аясы өндіріс көлемімен, геометриялық дәлдік пен құйма бетінің кедір-бұдырлығына деген талаптармен және басқа факторлармен анықталады.Құймаларды дайындау үшін қара металл қортпалары қолданылады: сұр шойын, беріктігі жоғары және созымды (ковкие) шойын және шойынның басқа да түрлері; көміртекті және легірленген болаттар, түсті металдар қортпалары; мысты (қолалар мен жездер), цинкті, алюминийлі және магнийлі қортпалар; баяу балқитын металдар қортпалары: титанды, молибденді, вольфрамды және т.б.