Конструкциялық көміртекті болаттар
Конструкциялық көміртекті болаттар тобына эвтектоидтыға дейін және эвтектоидты құрамды болаттар жатқызылады. Олар қаттылық пен тұтқырлыққа ие болады, прокат пен соққылауға, сонымен бірге кесуге жақсы көнеді. Олардың көбісі жақсы дәнекерленеді.Сапалық сипаттамаларға байланысты конструкциялық көміртекті болаттар қарапайым сапалы көміртекті болаттар мен сапалы көміртекті болаттарға ажыратылады.Қарапайым сапалы көміртекті болаттар (ГОСТ 380-71) – барлық прокаттың 70%-ы шығарылатын, қолданысы кең әрі қымбат емес болат. Одан циклды жүктемеме, интенсивті тозу, агрессивті орта т.б. жағдайларда жұмыс істейтін ауыржүктемелі детальдар дайындалады.Қорыту тәсіліне байланысты бұл болаттар мартендік және конвертендік деп бөлінеді. Қышқылдану дәрежесіне қарай бұл болаттарды қайнатылған, жартылай қауіпсіз (полуспокойная) және қауіпсіз (спокойная) деп бөлінеді.Сапалы көміртекті болаттар (ГОСТ1050-74) арнайы конвертерлерде, мартендік және электр пештерінде балқытылып, жоғары механикалқы қасиеттерге ие болады. Өңдеі түрлеріне қарай болаттар ыстық сырғаналған және соғылатын, калибрленген және арнайы әрлеуі бар дөңгелек болат болып бөлінеді.Сапалы көміртекті болаттар көміртектің мөлшеріне қарай: төменкөміртекті (0,3%), орташакөміртекті (0,3-0,55%) және жоғары мөлшерлі көміртегі бар болаттар болып бөлінеді.Конструкциялық сапалы көміртекті болат (ГОСТ 1050-74).Бұл болат мартен немесе электр пештерінде, ал негізінен конвертерлерде оттекті үрлеу арқылы балқытылады және жоғары механикалық қасиеттері бар. Өңдеу түрлеріне қарай конструкциялық болат горячекатанный және кованный, калиброванный және круглый деп бөлінеді.Горячекатанный және кованныйды термиялық өңдеумен немесе термиялық өңдеусіз-ақ дайындайды.Көміртектің мөлшеріне байланысты сапалы болатты көміртег аз (0,3 пайызға дейін), орта көміртекті (0,3-0,55 %), көміртегі көп (0,5-0,85 % )деп бөледі. Көміртегі мөлшері бірдей кезде конструкциялық сапалы болат нормальді қалпында кәдімгі сапалы болатпен салыстырғанда аққыштық шегінің жоғарғы шамасына ие болады және иілгіштеу болады.Мықтылығы аса жоғары емес бірақ иілгіш келетін көміртегі аз болатын сапалы болаттарды аз жүктелетін бөлшектерді дайындау үшін қолданады.Құрамында көміртегі аз болатын көміртекті сапалы болатты термиялық өңдеусіз нормалағаннан кейін қолдана береді.Ортакөміртекті болатты транспорттық және жалпы машинажасаудың барлық салаларында әр түрлі бөлшектер дайындау үшін жоғарғы жиілікті токпен қыздыру арқылы беттік мықтыландыру, жақсарту, нормалаудан кейін қолданады.Жоғары мықтылыққа, жоғары серпімділікке ие, құрамында көміртегі көп мөлшерде болатын болатты жоғары статикалық және вибрациялық жүктемелер бар болғандағы үйкеліс жағдайында жұмыс істейтін бөлшектерді дайындау үшін нормалағаннан кейін қолданады.Суыған кезінде иілгіштігі мен қайнауы төмен.Бұл болаттар арнайы қолдану салаларына арналған. Бұндай болаттарға конструкцияның спецификалық жұмыс шарты көрсетілетін қосымша талаптар қойылады. Бұлтоптағы болаттар көпір құрастыру, рельстік, осьтік, дөңгелектік жұмыстар жүргізуде маңызды орын алады.Көпір құрастыруға арналған болат екі түрлі маркіде жасалады: МТ6С – сварлық көпірлік конструкциялар үшін, көпірлік Ст3 – клепандық көпірлер үшін. МТ6 болаты Ст3 болаттан қышқылдық дәрежесінің үлкендігімен ерекшеленеді. Осындай маркілі болаттардың тұтқырлығы минус 20°С температурада МДж/м2 –тан төмен болмауы керек..Құрал-саймандық көміртекті болаттар сапалы және жоғары сапалы құрал-саймандық болаттар болып ажыратылады. Жоғары сапалы болаттар құрамында күкірт пен фосфор мөлшері аз болады. Сапалы болаттар құрамында күкірт пен фосфордың 0,04 %-тей мөлшері болса, жоғары сапалы болаттарда 0,025%-тей болады.Жоғары сапалы болат А әрпімен белгіленеді, мысалы У7А, У8А және т.б. Қыздырғыштықты арттыру үшін У8 және У8А маркалі болаттарға марганецтің көп мөлшері енгізіледі, ондай болат У8Г және У8ГА деп белгіленеді.Құрал-саймандық болаттар кесетін, өлшейтін және соққылаушы-штамптеуші құрал-саймандар дайындау үшін қолданылады. Сапалық белгілеріне байланысты құрал-саймандық легірленген болаттардан артта калады, сондықтан кесетін және соққылаушы-штамптеуші құрал-саймандар дайындауда көбінесе легірленген болаттар қолданылады.Құрал – саймандық болаттардың құрамында көміртектің мөлшері жоғары болады (0,6-дан 1,4%-ке дейін). Осы көміртек мөлшері болаттың мықтылығын анықтайды. Көміртекті құрал-саймандық болаттар маркісін У әрпімен белгілейді. Әріптен кейінгі қойылған цифрлар көміртектің орташа үлесін ондық бөлікте көрсетеді.