Болаттардың жалпы классификациясы
Болаттар қолдану саласына, сапасына, химиялық құрамына, қышқылдану дәрежесіне, балқыту амалына байланысты жіктеледі.Өндіру амалына қарай болаттар бессемерлік, оттекті-конвертірлік, мартендік және электроболаттар болып бөлінеді. Олардың сапасы мен бағасына байланысты салыстырулары бірінші кестеде көрсетілген.Болаттың құрамының тазалығын арттыру үшін құрамын жақсартуға негізделген қосымша қайта өңдеу жұмыстары қолданылуы мүмкін – вакуумды индукциялық (ВИ) пеште қайта балқыту, электрошлактық (Ш) қайта балқыту, электронды-сәулелік қайта балқыту (ЭСБ) жұмыстары және т.б. Бұл жағдайда күкірт, азот, оттегі сияқты зиянды қоспалардың құрамы 0,002-0,2% пайызға төмендейді, бірақ бұл болаттардың бағасы біршамаға қымбаттайды.Қышқылдану дәрежесіне қарай болаттар қайнап жатқан, жартылай тынышталған, тынышталған деп бөлінеді.Қайнап жатқан деп құяр алдында толық қышқылдандырылмаған,тек ферромарганецпен ғана қышқылдандырылған болатты атайды. Құю үрдісі кезінде металдан көміртек оксиді және тағы басқа газдар бөлінеді де болат қайнап жатқан секілді болып көрінеді. Көміртек оксидінің біраз бөлігі көлемдік усадканы компенсациялайтын сиретілген газдық раковиналар түрінде болат ішінде қалып қояды, сондықтан құймада белгілі бір назар аударарлық усадкалық раковинасы болмайды. Қатты қысу үрдісінде газ көпіршіктері қайнап кетеді, сол себепті барлық құйма прокат өнімін өндіру үшін қолданылады. Қайнап жатқан болат тынышталғанға қарағанда арзан, бірақта құрамының біршама бірыңғайсыздығына байланысты оның қолданылуы шектелген.Тынышталған деп ферромарганец, ферросилиций, алюминимен толық қышқылдандырылған болатты айтады. ҚҰю кезінде одан аз ғана газ бөлінеді де, тыныш қата береді. Құймада газ көпіршіктері жоқтың қасы, бірақ оның жоғарғы бөлігінде усадкалық раковиналар пайда болады. Тынышталған болаттың құрамы болаттың басқа түріне қарағанда бірыңғайлау болады. Тыеышталған болаттан рельстер, дөңгелектер,пружиналар, сонымен қатар локоматив, вагондар, автомобильдердің бөлшектерін жасайды.Жартылай тынышталған деп тынышталғанға қарағанда аз мөлшерде қышқылдандырылған (тек ферромарганец және ферросилициймен) болатты айтады.Қасиетіне байланысты ол қайнап жатқан мен тынышталғанның ортасында орналасқан. Бұндай болаттың құрамының бірыңғайлығы тынышталғандікіне қарағанда төмендеу, сондықтан оның сапасы да төмен болады.Күкірт, фосфор және металл емес қоспалар сияқты зиянды араластырмалардың құрамына байланысты болаттар кәдімгі сапалы, сапалы, жоғары сапалы болып бөлінеді.Болат құрамындағы күкірт пен фосфордың мөлшері,Химиялық құрамына қарай болатты екі топқа бөлуге болады: көміртекті, легирленген.Көміртекті деп құрамында көміртектен аз тұрақты мөлшерде басқа қоспалары (кремний, марганец, фосфор, күкірт) бар болатты айтады. Оларды балқыту болатты өндірудің барлық көлемінің 80% пайызын құрайды.Легирленген деп құрамында көміртек және тұрақты мөлшердегі қоспалардан басқа болатты балқыту кезінде белгілі бір қасиеті бар болатты алу үшін қосылатын арнайы элементтері бар болат.Қолданылу саласына қарай болаттар конструкциялық, инструменталдық және ерекше қасиеттері бар болаттар деп бөлінеді.