Жылулық өңдеу

Металдарды жылулық өңдеу- металдан және қорытпалардан жасалған заттардың, бұйымдардың құрылысы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында пайдаланылатын жылулық өңдеу процестерінің жиынтығы. Металдарды жылулық өңдеу термиялық (терм. және пластик. деформация аралас) болып бөлінеді.Жылулық өңдеу-бірінші және екінші реттік жасыру, шынықтыру, жұмсарту, ескіру деп жіктеледі. Бірінші реттік жасыру металдар мен қорытпаларды құю, қысыммен өңдеу, пісіру, т.б. технол. Процестер нәтижесінде пайда болатын ақауларды жою үшін пайдаланылады. Болаттарды өңдеуде екінші реттік жасырудың бірнеше түрі пайдаланылады.Шынықтыру нәтижесінде болаттың құрылымы матенситке айналып, қаттылық, беріктік, үйкеліске шыдамдылық қасиеттері артады.Жұмсарту процесінде болаттың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пласт.-қ қасиеттері жоғарылайды.Химия-термиялық өңдеу- болат берінің химиялық құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертеді. Ол- цементтеу, азоттау, циандау, диффуз. металдау болып бөлінеді.Термо-механикалық өңдеу- терм. және пластикалық деформацияланған жоғары температурадағы болып ажыратылады.Химиялық өңдеу дегеніміз – болат заттың үстіңгі қабатының қасиеттерінің құрылымы мен химиялық құрамы өзгеріске түсетін процесс.Теңіз және теміржол транспортында цементтеу, азоттау, нитроцементтеу және жалпы түрде «диффузиялық металлизация» деп аталатын процестер көп қолданылады.Химия-термиялық өңдеу 3 қарапайым процестен тұрады:диссоциация, адсорбция және диффузия.Дисоциация дегеніміз – газдық ортадағы молекулалардың элементтен ыдырап және қосылып, бөлініп шыққан еркін белсенді атомдарды болаттың сыртқы қабатының сіңіруі.Диффузия – адсорбталған атомдардың жылулық қозғалыстары нәтижесінде заттың сырт қабатынан ішке терең енуі. Көміртегі, азот және бор - ішке енетін қатты ерітіндіні құраушылар,ауыспалы қатты денелерді құраушыларға қарағанда жақсырақ араласып кетеді. Диффузия жылдамдығы жоғары болған сайын бөлшектердің қызу температурасы да арта түседі.Химия-термиялық өңдеу (ХТӨ) деп тетіктің беттік қабатының құрамын, құрылымын және қасиеттерін қажетті бағытта өзгерту мақсатымен термиялық және химиялық әсер етулер үйлесуінен құралатын өңдеуді атайды . Және бұл жерде металл материалының сәйкес элементпен (C, N, B, Cr, Si, Ti және т.б.), оны жоғары температурада сыртқы ортадан (қатты, газды, булы, сұйық) атомды күйде диффузиялау жолымен, беттік қанығуы жүзеге асады.ХТӨ техниканың әр түрлі салаларында кең пайдаланылуы машиналар мен механизмдердің көпшілік тетіктері, максимум кернеулер металдың беттік қабаттарында пайда болатын криогенді немесе жоғары температураларда тозу, кавитация, циклдік жүктеме, коррозия жағдайында жұмыс істейтіндігімен түсіндіріледі. Металдар мен қорытпаларды беттік беріктендіру, сонымен қатар коррозиядан қорғау мақсатымен ХТӨ машина тетіктерінің сенімділігі мен ұзақ тұрақтылығын жоғарылатады.