Металдарлың механикалық, технологиялық қасиеттері

Басқа да материалдар сияқты металдарды оның қасиетіне байланысты 4 түрге бөлуге болады:
-физикалық
-химиялық
-механикалық
-технологиялық
Металдардың барлық қасиеттері оның химиялық құрамына және құрылысына сәйкес өзгереді.Басқа да материалдар сияқты металдарды оның қасиетіне байланысты 4 түрге бөлуге болады:
-физикалық
-химиялық
-механикалық
-технологиялық
Металдардың барлық қасиеттері оның химиялық құрамына және құрылысына сәйкес өзгереді.Ал химиялық қасиеті металдардың қоршаған ортамен әртүрлі химиялық байланысы нәтижесінде болып отырады.Металдардың физикалық қасиеті оның тығыздығына, балқу температурасына, жылу өткізгіштігіне, электр өткізгіштігіне, жылулық ұлғаюына, меншікті жылусыйымдылығына, магниттелу мүмкіндігімен сипатталады.Механикалық қасиеттері негізінен металға түсірілетін жүк кедергісін сипаттайды, ал олардың сандық қасиетін механикалық сипаттамалары анықтайды. Материалдың механикалық сипаттамалары механикалық тәжірибе жүзінде алынады, қайсыбір уақыт аралығында түсірілетін жүктеме арқылы оның статикалық динамикасы қайталама ауыспалы болып келеді.Түсірілетін жүктеме есебінен төзімділікке, майысқақтығына, тозу беріктілігіне тәжірибе жасайды.Конструкторлық материал ретінде металдың ең басты пайдасы ол оның механикалық қасиеттеріне сүйенеді. Металдың механикалық қасиеттеріне:Төзімділігі- сыртқы күштер әсерінен пайда болатын кедергілерден ешбір қиналмай өтетін металдың қабілеттілігі. Егер төзімділігі жеткіліксіз болған жағдайда металда өзгерістер пайда болады.Технологиялық қасиеттері-Қазіргі өндірісте металды қысыммен өңдеудің бес түрі бар: прокатка, престеу, темірмен соғу, штамптау, сүйрету.Прокат – дайындалған заттың көлденең бағытта өлшемін азайту және белгіленген формаға келтіру үшін екі айналмалы дестенің ортасына қойып, сығу арқылы жасалады.Престеу – дайындалған металдың матрица тесігінен шығар жерінде сығу арқылы жасалады.Сүйрету – белгілі Ғ күш арқылы дайындалған денені сүйрету көзінен тартып шығару. Бастапқыға қарағанда оның (дененің) мөлшері кішірейеді.Темірмен соғу – дайындалған дененің формасы мен мөлшерін Ғ күшімен жүйелі әсер ету арқылы жасалады.Штамптау – дайындалған дененің мөлшері мен формасын әр детальға арналған штампта өзгерту үшін қолданылады. Штамп дегеніміз – информациялаушы элемент, бұның әсерінен материал немесе дайындалған дене сол құралдың бетіндегі контурды қабылдайды.Металдардың пластикалылығы және деформацияға төзімділігі.Пластикалылық (майысқақтық) – қатты дененің пластикалық деформация қасиетін айтамыз. Майысқақтық көрстекіштері: созу кезінде – жұқару мен ұзару; динамикалық бүгілу – ұрмалы жабысқақтық; бұрауда – сынғанға дейінгі орам саны; статикалық бүгілу – беттің бірбеткейлігінің (тегістігінің) бұзылуы; прокатка және шөгуге – салыстырмалы сығылу.Дайындалған денені қысыммен өңдеуде ішкі активті күштер жұмыс жасайды.