Деформация түрі
Деформация(лат.deformatio-бұрмалау, өзгеру) денелердің формасы мен мөлшерінің өзгеруі, қалыбының бұзылуы кристалл денелерде, металдарда деформация атомдар аралығының, атом белоктарының топталу ретінің өзеруі салдарынан туады. Қатты денелерде деформация сыртқы күш әсерін жойғанда із қалдырмаса, онда оны серпімді деформация деп, ал сыртқы күш әсерін жойғаннан кейін де деформация орын алса, онда пластикалық деформация қатар кездеседі. Сыртқы күш шамасы белгілі мөлшерден аспаған жағдайда денеде айтарлықтай пластикалық деформация болмаса, онда мұны серпімді деформация дене деп атайды. Кристалдағы сепімді деформация атомдардың ара қышықтығын өзгертеді. Пластикалық деформация кезінде атомдар бір-бірінен атомаралық қашықтықтан молырақ қашықтықта бір деңгейде жылжиды. Атомдар бір кристаллографиялық жазықтықта жылжып ара қашықтықтары өзгермей атомдардың әрекеттесу күші сақталып деформация нәтижесінде дененің тұтастығы сақталады. Ал өзгерген аралықты (кристалл тордың параметрін) ренгенографиялық тәсілмен анықтауға болады. Материалдың деформацияға қарсыласу заңдарын зерт.-н инж-к пәнде брус (білеу) формалы денелер үшін деформация бірнеше түрге бөлінеді: созылу, сығылу, ығысу, иілу, бұрылыс. Іс жүзінде осылардан құралған күрделі деформация жиі кездеседі. Материалдарды сынау кезінде олардың механикалық қасиетін анықтау мақсатымен деформация мөлшерімен өлшейді.