Көктемнің сәнді тенденциялары

Сауда жасамас бұрын 2016 жыл көктемінің басты сәнді тенденцияларымен таныс болыңыздар.



Гранж және панк

90-жылдардағы сән қайтып оралуда. Бір өлшем үлкен ескірген былғары күртелер, белі жоғары шалбарлар және тор майкалар сәнге айналып кетті. Сондықтан сол жылдардағы рок сахна жұлдыздарының киіну үлгісін зерттесеңіздер болады.



Балерина

2016 жылдың көктемгі сәнінде жібектен немесе жұқа селдір кездемеден жасалған бірнеше қабатты белдемшелер болады. Нәзікт түсті мұндай белдемшелерді 90-жылдарға сай тігілген киімдермен үйлестірген жөн.



Тор

"Тор тенденциясы" жоғарыда айтып өткен 90-жылдардан келген сәннің бірі. Торлы киімдер көктемгі сәнде кеңінен орын алмауы мүмкін. Бірақ тиімді торлы киімдерді, соның ішінде белдемшелер мен көйлектерді жарастырып киюге болады.



Ақ түс

Ақ түс және көктем-жаз мезгілі әрқашан бірге жүреді. Әр жыл сайын көптеген брендтер өз топтамаларына міндетті түрде ақ түсті киімдерді қосады. Егер тегіс ақ түсті киінген ұнамаса, ашық әрі таза түсті киіммен үйлестіріп кисеңіз болады.



Пайетка

Көктемде пайеткадан тігілген киімдер сәнде болады. Мұндай киімдерді кешкі кездесулерге және қонақтық жерге киіп баруға болады.