Өнімнің әлеуметтік-тағайындалу көрсеткіші
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Тағайындалу көрсеткіші ‑ қолдану аймағын орындау үшін негізгі функцияларды орындайтын өнім қасиеттерін сипаттайды. Тамақ өнімдерінің тағайындалу көрсеткіші өнімдердің энергетикалық құндылығы өнім құрамы мен құрылымы (белоктық, витаминдік, минералдық, ароматтық және т.б) болып табылады. Өнім құрылымын сипаттайтын тағайындалу көрсеткіші ішінен құрылымын қалыптастыратын әртүрлі тағамдық заттарды атап кетуге болады (эмульгаторлар, тұрақтанғыштар, ұйытылулар, қопсытқыштар, су байланыстырушы қосымшалар және т.б). өнім құрамы (белок, май, көмірсулар, т.б) ең алдымен өнімнің тағамдық құндылығын сипаттайды, оның энергетикалық және биологиялық құндылығын көрсетеді. Құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер ішінен өнімнің органолептикалық көрсеткіші (консистенция, яғни, қатты, нәзік, жұмсақ, май тәріздес және т.б кең қолданылады ). Тағайындалу – бұл физиологиялық және әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті. Тағайындалу көрсеткіші мына түрлерге бөлінеді:
-Функционалдық тағайындалу – тағайындалуға сәйкес (материалдық және рухани) өз функцияларын тауарлармен қамтамасыз етуді орындайды.
-Әлеуметтік тағайындалу – жеке немесе қоғамдық‑әлеуметтік қажеттілікті тауарлармен қанағаттандыру қабілеті.
-Жіктемелік тағайындалу – бірқатар көрсеткіштер мен қасиеттердің жіктелу қасиеттері ретінде шығу қабілеті (майлылығы).
-Әмбебеп тағайындалу – адамға пайдалы қосымша функциялар көрсетілген тағайындалу бойынша нақты тауарларды қолданудың мүмкіншілігін және жағдайын қамтамасыз ету диапазоны.
Өнімнің әлеуметтік тағайындалу көрсеткіші
Бұл көрсеткіштер – тұтынушының әртүрлі топтарынан қоғамдық мәніне және қоғамның қажеттілігіне өнімнің сәйкестігін сипаттайды. Оларға мыналар жатады:
-Шығарылатын тауарлардың бүтін көрсеткіші
-Әлеуметтік мекен‑жайы
-Тауарлардың тұтыну класы
-Тауар ассортименті
-Әлеуметтік эффектілер
Шығарылатын тауарлардың қоғамдық көрсеткіштері тауарлардың берілген тобына қанағаттангдырарлық емес сұраныстың көлемін көрсетеді.