Жапониядағы сапа басқару жүйесі
Жапонияда өнімнің сапасын басқару саласының формалары мен әдістері жасалған, олардың АҚШ пен Батыс Еуропадан көптеген айырмашылығы бар. Олардың ерекшеліктері: компаниялар мен тасымалдаушылардың арасындағы сапалы өнімнің шығарылымы үшін жауапкершілік, сапаны ұзақ мерзімге жоспарлау, жаңалықтармен алмасу, өнімнің сапасын басқару саласында мамандар дайындау, стандарттау, есептеуіш техниканы қолдану, сапа белгісін алуын аттестаттау. Өткен ғасырдың 40-жылының соңы мен 50-жылының басында жапондық мамандар беделді американдық ғалымдар Э.Деминг пен Дж.Джуранның сапаны басқару бойынша білімдерін жетілдірді. Ол білімдерін Жапонияның өнеркәсібінде табысты қолдана бастады. Технологиялық процестерді басқару үшін бақылау карталары белсенді қолданылды. Жапонияның алдыңғы қатарлы фирмаларында толық және кезегімен атты тәсілі және сапаны басқарудың жүйелік принциптері енгізілген. Мұндай фирмалардың тәжірибелері түпкілікті оқып танылды, сараптама жасалды және оларды АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қолдануға әрекет жасалды. Жапониялық сапаны басқару тәсілінің бірқатар ерекше қасиеттері бар деп саналғанымен, салыстырмалы сараптама көрсеткендей, теорилық жағдайы өте ұқсас және интернационалды болып келеді. Жапондық сапаны басқару тәсілінің айрықша элементтері:
-Процестің тұрақты дамуына бейімделу және барлық бөлімшелерде еңбек нәтижелеріне жету;
-Өнімнің сапасына емес, процестің сапасын бақылауға бейімделу;
-Ақаулардың пайда болмауын қадағалауға бейімделу;
-Түпкілікті зерттеу және қазіргі операциядан келесі операцияға дейінгі жүретін принцип бойынша туындаған мәселелерді сараптау;
-«Сенің тұтынушың – келесі өнеркәсіптік іс-әрекетті жүзеге асырушы» атты принципті дамыту;
-Еңбек нәтижесінің сапасына жауапкершілікті тікелей атқарушыға жүктеу;
-Адам факторын белсенді түрде қолдану және жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық потенциалын дамыту, «дені сау адамға жұмысты нашар істеу ұят» деген моральды санаға сіңіру.
Жапондық мамандар «сапа – кәсіпорын тағдырын белгілейді», «сапа туралы минут сайын ойла» атты ұрандармен жұмыс істейді. Осындай ұрандар кәсіпорын жұмысына қарқындық береді деп ойлайды. Жапондық кәсіпорындарды («бес ноль» деп аталатын) сапаландыруға қатысу мүмкіндігін беретін бағдарлама жасалынған. Ол мынадай қысқаша ережелерден тұрады:
-ақаудың пайда болуына жол бермеу;
-ақауы бар өнімді келесі кезеңге өткізбеу; -ақауы бар өнімді алдыңғы кезеңнен қабылдамау;
-технологиялық режимді өзгертпеу;
-қателерді қайталамау.
Бұл ережелер өнімді дайындау мен өнімді өндіру кезеңдерінде бөлшектеніп әрбір жұмысшыға жеткізілген. Осыған орай, Жапониядағы сапаға қатысты ең басты мәселелерді былай бөлуге болады:
-Басқару мен техника саласындағы ғылыми жаңалықтарды кеңінен қолдану.
-Басқару және сараптау мен өнімді бақылаудың жоғарғы деңгейде компьютерлендірілуі.
-Адам мүмкіншіліктерін жоғары деңгейде қолдану. Бұл үшін шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында әр түрлі шаралар ұйымдастырылады, мысалы: өздерінің Отандық фирмаға деген патриоттығын арттыру, персоналды жүйелі түрде оқыту, үйрету.Жапондық сапа басқарудың ең негізгі құралдарының бірі – сапа үйірмелері болып табылады. 1960 ж. Жапонияда белсенді түрде сапа үйірмелері қызмет ете бастады. Сапа үйірмелері жапондық концепциялар мен қызметкерлер мен сапаны басқару практикасының логикалық жалғасы мен дамуы ретінде пайда болды.Сапа үйірмелерінің негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:
-өндірістің жетілдірілуі мен кәсіпорын дамуына үлес қосу;
-адамға деген сыйластықтың негізінде жұмыс орындарында қуанышты әрі лайықты жағдайлар жасау;