Өнімнің интегралды сапа көрсеткіші
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы. Немесе Сапа көрсеткіштері – жасау, пайдалану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қарастырылатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы.Өнімнің интегралды сапа көрсеткіші I кешенді сапа көрсеткішінің әртүрлілігі болып таб,ол пайдалы эффект жинағының эксплуатациядан немесе тағайындалу бойынша өнімді пайдаланудан Э ж-е оның жасалуына Зс, эксплуатациясына не қолданылуына Зз кеткен шығындардың жинағының қатынасымен бейнеленеді. Ол мына формуламен есептелінеді: I=Э/Зс+Зз. Тағайындалуы бой-ша Э өнімнің эксплуатациясынан жинақ пайдалы эффектің мысалы ретінде капиталды жөндеуге дейінгі қызмет ету мерзіміне автомобильдің жүруін алуға бол.Интегралды сапа көрсеткішін сондай-ақ өнімнің қолданылу бағасын Ко, оның жасалуына жинақ шығынын Зс, эксплуатация не пайдаланылуына кеткен жинақ шығынын Зз анықтайтын қасиеттер көрсеткіші қатынасымен бейнелейді. Ол мына формуламен есептеледі: I=Ко/Зс+Зз