«сапа ұстаздары» және олардың концепциялары
Ең алғаш болып «Сапа ұстазы» аталған сапа саласындағы ең атақты тұлғалардың бірі Э. Дэминг болып табылады. Ол «Out of crisis» атты кітабында өнеркәсіпте өнім сапасын жоғарылатудың 14 принципін ұсынады: 1.мақсаттың тұрақтылығы өнімнің және қызмет көрсетудің жақсартылуы 2. Менджердің өздерінің міндеттерін түсінуі мен өзгерістер қарсаңында өздерін лидер деп қабылдауымен келетін жаңа экономикалық периодқа жаңа философия.3.сапаға қол жеткізу жолында жаппай бақылауға тәуелділікті жойыңыз 4.ең арзан бағамен сатып алуды тоқтатып оның орнына жалпы шығындарды азайтып, өндіріске қажетті әрбір өнімге белгілі жеткізушіні таңдап алуға ұмтылыңыз 5.сапаны жоғарылату, өнімділікті арттыру және шығындарды азайту үшін әрбір процесті жақсартыңыз 6.практиға кадрларды дайындау мен қайта дайындауды енгізіңіз 7.қызметкерлердің барлығында кәсіп орын үшін пайдалы жұмыстар істей алуы үшін үрейлерді сейілтіңіз 8.басшылықтың қызметкерлермен жұмыс істеуі олардың өз жұмыстарын жақсы атқаруына әсер ету керек 9.өндіріс және эксплуатация проблемаларын алдын ала білу үшін зерттеу, жобалау,өндіру,шығару барлығы бірге орындалуы керек.10. «ақау жоқ» деген сияқты бос ұрандар мен шақырулардан бас тартыңыз. 11.еркін қойылған тапсырмалар мен сандық нормаларды тоқтатыңыз 12.жұмыскерлерге өздерінің жұмыстарын мақтан тұтуға мүмкіндік беріңіз. Жұмыскерлер мен басшылық арасындағы тосқауылды жойыңыз 13.білімге және оны жетілдіруге деген ұмтылысты кеңейтіңіз 14.сапаны жақсартуда жоғарғы басшылықтың белсенділігі қажет. Ал американдық ғалым Арманд Фейгенбаум сапаға мынандай анықтама берген: «сапа қолдану кезінде тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға баағытталған, маркетнгкке, жобалауға, өндіруге,техникалық қызмет көрсетуге жататын өнімнің немесе қызметтің сипаттамаларының жалпы жиынтығы». «тар мағынада сапа өнімнің сапасын білдіреді. Кең мағынада сапа жұмыстың,қызметтің,ақпараттың,үрдістің,қызметкерлерді ң,жұмысшыларды,инженерлердің,менеджерлердің және басқарушы дирекцияның,мақсаттардың сапасы» К.Исакова.