Өнімнің сапасын басқарудың Ресейлік тәжірибелері
Стдарттау процесінің тарихы терең: ол өндіруші өзі қойған стандарттардан бастап ISO 9000 халықаралық стандарттарына дейін созылады. Ресей де сапа жетілдіруде өзінің үлкен үлесін қосты. Ресейде КБИП (Концепция Бездефектного Изготовления Продукции – Ақаусыз Өнім Дайындау Концепциясы), КАНАРСПИ (Качество, Надежность, Ресурс с Первых Изделий – Алғашқы Өнімнен Сапа Сенімділік Ресурс), НОРМ және т.б. концепциялар ойлап табылған.КАНАРСПИ жүйесі Горькии авиазаводында мамандардың көмегімен құрылған. Өз кезінде бұл КСРО – дағы ең жақсы сапа менеджменті жүйесі болған. Жүйенің негізі болып сапа саласындағы зерттеулер, заводтың тәжірибе – конструкторлық бөлімдерінің дамуы, өнім сапасын есептеу жүйесінің дамуы, тұтынушылармен қарым – қатынас сияқты өнім сапасын қамтамасыз ететін комплекстік қызметтер табылады.БИП жүйесі 1955 жылы Саратов облысында бірнеше өндірістерге енгізілген. Жүйенің негізі: жұмысшыларды қызмет сапасын арттыруға қызықтыру және стимулдау. Негізгі стимул ол сыйақы, егер персонал тарапынан қандай да бір ағаттық кетсе, оны сыйақыдан айырған. Осы әдіс арқылы персоналдың технологиялық мәдениетін арттырып, құрылғылар мен материалдарға мән беруін қамтамасыз еткен.НОРМ жүйесі Ярославтық «Автодизель» заводында енгізілген. Бұл жүйенің ерекшелігі: сапа критерийі ретінде техникалық сипаттамалар – алғашқы капиталды жөндеуге дейінгі ресурстар қарастырылды.Қазіргі кезде Ресей жоспарлыдан нарықтық экономикаға өтіп отыр, бірақ қайта өңдеу процедурасының маңыздылығын түсінетін және эффективті сапа менеджменті жүйесін енгізетін кәсіпорындар пайызы өте аз. Бұл ресейлік өнімдердің батыс аналогтарымен бір деңгейде бәсеке қабілетті болуына кедергі жасап отыр. Кәсіпорындарды халықаралық стандарттарға сай сертификат алу мақсатында стимулдау үшін кейбір салалардағы лицензиялау институттарын жауып, олардың орнына барлық құқықты проффесионалды ұйымдарға беріп отыр. Мысалы, құрылыс саласында 2010 жылдан бастап құрылысқа рұқсатты тек қана өзбасқарц ұйымы мүшесі болатын ұйым ғана ала алады. Ол мүшелікті алу үшін ұйым берілген жұмысты сапалы және уақытында істеуі керек.