Сапа бойынша нормативтік құжат
сапа бақылау деп бекітілген талаптар бойынша өнім сапасына әсер ететін, өнім қасиеттері немесе процестердің санды немесе сапалы сипаттамасына сәйкес екендігін тексеруді айтады. сапа бақылауды ұйымдастыру-ол нормативті-техникалық құжаттарға толық сәйкес өнімдерді өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және административтік шаралар жүйесі. Бақылаудың мақсаты бақылау объектісінің жағдайы, оның қасиеттерінің көрсеткіштерімен белгілері туралы ақпараттар алуда жатыр және алынған нәтижелерді жобалау-конструкторлық құжаттарда және басқа да құжаттарда бекітілген талаптармен салыстыру.Бақылау объектілері ретінде технологиялық құжаттарға сәйкес өнім немесе оны жасау,сақтау, тасымалдау, жөндеу үрдісі қарастырылады. Бақылауды жүргізгенде бақылау объектісін, бақылау әдісін, бақылауды жүргізушіні және бақылауды жүргізуге арналған нормативті құжаттарды анықтау өте маңызды.Бақылау объектісі бір бөлек белгілермен сипатталады, олар міндетті бақыланатын объектінің қасиеттерінің санды және сапалы сипаттамаларынан тұрады. өнім сапасын бақылауға қойылатын талаптар келесілерді қамтиды: - өнімге жүргізілетін сынаулар түрлері;
-сынаудың қайталану мерзімі;
-сынауға арналған сынама мен таңдауларды дайындау мен сұрыптау;
-бақылауды жүргізу реті;
- өнім сапасына нормативті құжаттар талаптарына сәйкестілігі туралы талқылау критерийі мен бақылау үрдісінің параметрлері;
-бақылау – өлшеу аппаратурасына, приборлар мен құралдарға керекті дәлдікті көрсетуге қойылатын талаптар, онымен қатар сынау стенділері мен қондырғыларға қойылатын талаптар;
-бақылау нәтижелерін өңдеу тәсілдері;
-бақылау нәтижелер қаттама формасы;
Өнімнің қамтитын аумағына қарай бақылау екі түрге бөлінеді:
жаппай және таңдаулы :Жаппай бақылауда бақыланатын партияның барлық бұйымдары тексеріледі, ал таңдаулыда тек қана бақыланатын бұйым партиясының бір бөлігі ғана, олар таңдалған деп аталады.Жаппай бақылау көбінесе келесі жағдайларда қолданылады:Жаңа өнімдерді шығарыда, егер технологиялық операциялардың орындалу сапасы әрі қарай тексерілмейтін болса6Шығарылатын өнім сапасына жоғары талаптар қойылғанда;жасаушы мен тұтынушының тәуекелі бойынша бақылауға керекті объектілер саны таңдама немесе сынама алуға жеткіліксіз болған жағдайда, мысалға арнайы жеке, аз сериялы өндірісте.