Сапа көрсеткіштері .Эргономикалық сапа көрсеткіштері.
Сапа көрсеткіштері – жасау, пайдалану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қарастырылатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Немесе Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы. Өнімнің сапа көрсеткіші әртүрлі өлшеу бірлігімен жазылады. Мысалы, жылдамдық- км/с, бояу беріктігі- балдармен және т.б. Қызметтер үшін шарттары болып өңдеу мен көрсету саналады, ал процесс үшін дайындау мен өткізу. Сапаның кез келген қасиетін құру үшін сапаның келесі компоненттеріне назар аудару керек: қоғамдық қажеттілік, нақты шарттар, объект және қажеттіліктің қанағаттанарлық дәрежесі. Эргономды көрсеткіштері оның «адам-объект-орта» жүйесіндегі адамның өндірістік және тұрмыстық жағдайларын қолдануға икемделушілігін сипаттайды. Эргономды көрсеткіштердің тобына шағын топтар кіреді:
-антрометрикалық;
- гигиеналық;
- физиологиялық пен психофизиологиялық;
-психологиялық.
Антрометрикалық көрсеткіш бұйымның адамның өлшемі, пішіні және салмағына сәйкестігін анықтайды. Бұл көрсеткішке мынадай сәйкестік көрсеткіші кіреді: адам мөлшеріне бұйым конструкциялары; адамның дене бітіміне және жеке мүшелеріне бұйым конструкциялары; адамның салмағының таралуына бұйым конструкциялары.Гигиеналық көрсеткіш бұйымның адамның жұмысқа қабілеті мен өмірлік қызметінің гигиеналық жағдайына сәйкестігін анықтайды. Гигиеналық көрсеткіш тобына келесі көрсеткіш дәрежелері жатады: температура, жарықтылық, ылғалдылық, қысым, шаңдық, токсикалылық, жүктеу, электрлік және магниттік өрістің кернеулігі. Физиологиялық пен психофизиологиялық көрсеткіштер бұйымның адамның күшінің, жылдамдығының мүмкіндіктеріне, көру, сезу және есту мүмкіндіктеріне сәйкестігін сипаттайды. Осы көрсетіштердің құрамына мына сәйкестік көрсеткіштері кіреді: адамның күштік және жылдамдық мүмкіншілігіне бұйым конструкциялары; адамның көру мүмкіндігіне (өлшемі, формасы, жарықтығы, түсі және кеңістікте орналасуы) бұйым конструкциялары; органолептикалық көрсеткіш.Психологиялық көрсеткіштер бұйымның адамның психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкестігін сипаттайды. Бұл топқа бұйымның қабылдау және ақпаратты өңдеу (есте сақтау,ойлау) мүмкіндігіне, сонымен қатар, дағдыларға (құрылған және бекітілген) сәйкестік көрсеткіші жатады.Жалпы эргономикалық көрсеткіштер адамның өніммен өзара әрекеттесуінің эффективтілігін сипаттайды.