Өнімдегі бәсеке,мәні,оның түрлері
Бәсекелестік қабілеттілік деп өнімнің нарықтағы сатылу сәттілігін яғни осы тауардың басқа бәсекелес ұқсас тауарларға айырбастауға кең ұсыныс түскен жағдайдағы ақшаға айырбасталуы мүмкін қабілеттілігі бар өнімнің тұтынушылық және құндық кешені түсіндіріледі.Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін бағалаудың бірқатар әдістері бар, мысалы, бағалық, салыстырмалы құны бойынша, салыстырмалы пайдалылығы бойынша. Бағалық әдіс кезінде тауар, егер оның сатылу бағасы, дизайны және сапасы нарықта ұсынылған осыған ұқсас тауарлардың сипаттамасынан кем қалмаса, бәсекеге қабілетті деп саналады. Салыстырмалы құны бойынша бәсекеге қабілеттілік бірегей валютада саналған салыстыратын фирмалардың өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны ретінде түсініледі. Салыстырмалы пайдалылық бойынша бәсекеге қабілеттіліктің өлшемі компанияның пайдасының нормасы болып табылады.Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау бірқатар факторларды зерттеуді және талдауды талап етеді: -Ішкі және сыртқы нарықтың талаптарын және ең алдымен онда сатылатын бұйымдардың сапасына;
-Ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімдерді жасау және дайындаудың негізгі бағыттарын;
-Нақты бұйымдарды сатудың болашағын;
-Сатуға арналған өнімнің бағасына;
-Өнімді аттестациялау және сертификаттау мүмкіндігіне;
-Тұтынушыға ұсынылатын (соның ішінде шетелдік) тауарды жарнамалау сапасы және деңгейіне.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - белгілі бір уақыт мезетінде нарықтағы сәтті сатылу мүмкіндігі.Егер өнім сатып алушыға нақтыланып жасалатын болса, ол өнім бәсекеге қабілетті деп саналады.Өнім жоғарғы технологияда жасалса да, дайындаушы оны жоғары бағаласа да ол өнім сапалы болып саналмайды, бәсекеге қабілетсіз. Бәсекеге қабілеттілігін бірнеше факторларға бөлеміз:
-Сапасына
-Жаңалығына
-Төлем жағдайына
-Салық мөлшеріне
-Техникалық қызмет көрсету деңгейіне
-Тауарды жеткізу мерзіміне
-Жарнамалануына
-Шығарылған шығындардың ұйымдастырылуына
-Халықтың төлем қабілеттілігі.
-Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау. Бірнеше факторларды зерттеуді қажет етеді.
-Ішкі және сыртқы нарық талаптары және онда сатылатын бұйымдардың сапасына.
-Ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнімдерді жасау және бағыттары
-Сатуға арналған өнімдердің бағасы. Өнімді аттестаттау және сертификаттау мүмкіндігі.
-Тұтынушыға ұсынылатын әсіресе шетелдік өнімдерді жарнамалау сапасы және деңгейі.