сапа тұтынушының қанағаттануы. Маслоу теориясы

Өнімнің сапасы – өнімнің пайдалылығына қойылған белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын қасиеттердің жиынтығы. Ол халықаралық ИСО 9000:2000 стандарты бойынша жүзеге асырылады. Өнімнің сапасына талаптар:
Ағынды талаптар – нормативтік құжаттармен регламеттеледі және әрқашан дәлелденеді.
Перспективті талаптар нормативтік құжаттармен регламенттелмейді, болжам бойынша анықталатын жаңа материалдардың түрлерін көрсетеді.
Жалпы – бұл талаптар жалғыз және басым болады. Көпшілік тауарлардың түрлеріне жауап бере алады: тауарлардың ыңғайлылығы, зиянсыздығы, жөндеу мүмкіндігі сияқты басқада талаптарға жауап береді.Спецификті – бұл талап орындалатын кезде сапа көрсеткіштерінің келесі түрі ескеріледі: параметрлік,технологиялық, әлеуметтік, экономикалық, эстетикалық, экологиялық, патенттік және т.б.Маслоу теориясына тұтынушылардың қанағаттануы мен қажеттіліктеріне көп көңіл бөлінеді. Маслоу теориясының арқасында қажеттілікті белгілі бір ретпен көрсету мүмкіндігі туды. Олар физиологиялық қажеттіліктер, қарым-қатынас, мойындау және өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыру қажеттіліктері:Физиологиялық қажеттіліктер – адамның ұйқыға, жылуға, суға, баспанаға, тамаққа және т.б. қажетттіліктерді жатады.Қауіпсіздік қажеттіліктер – адамның қаіптен қорғану және өзіне сенімді болу қажеттіліктер.Қарым –қатынас қажеттіліктер адамның басқалармен оң қарым-қатынаста болумен түсіндіріледі. Бұл қарым – қатынас жалғыздық, шеттелу және т.б. ұғымдардың болмауы үшін қажет.Мойындау және құрметтеу қажеттіліктер адамдардың ең жоғрғы эволюциялық қажеттілігі болып табылады яғни адамдардың топтап тұлға болып қалыптасуы, қоғамда тұлға ретінде тәуелсіз және еркін сезінуі. Жоғары дәрежелу бағалану, ұжымның қоғамның мойындауы.Мүмкіншіліктерді іске асыру – өз қабілетін дәлелдеу үшін жоғарғы барлық қажеттіліктерді пайдалану.Маслоу бойынша осы қажеттіліктердің нәтижесінде адамдардың жан-жақты дамуы жүзеге асырылады.Маслоу адам қажеттіліктерін динамикалық модель ретінде қарастырылады, және жеке тұлғаның ерекшелігімен қоршағанортасына байланысты екенін анықтады. Адамның элементар қажеттіліктеріне сүйене отырып, қажеттіліктердің жоғары деңгейіне жете алатынын көрсетті. Маслоу теориясы тұтынушылардың ғана көзқарасын өзгертуге де мүмкіндік берді. Қажеттілік пирамидасын гексада түрінде көруге болады:
-Адам түйсігі
-Физикалық қажеттіліктері
-Қауіпсіздік қажеттіліктері
-Қарым-қатынас қажеттіліктері
-Рухани қажеттіліктері
-Мойындау және құрметтеу қажеттіліктері
-Қатынасу қажеттіліктері
-Өзіндік қажеттіліктеріъ
Маслоу теориясының шыңы болып 5,6,7,8 болып табылады. 1,2,3,4 қарапйым қатынас түрінде көрінеді.Пассивтік кезең 1-8, Шабыттану 2-5, Әрекет ету кезеңі 3-6, Ойын білдіру кезеңі 4-7.Маслоу теориясы бойынша, сапа ұғымы, объектінің қарапайым қасиеті, тұтынушылардың қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру. ИСО 8420 бойынша сапаның осы объектілері кеңірек түсіндіріледі.