Сапа басқарудың постулаттары (Э.Деминг постулаттары).

Эдвард Деминг – математикалық статистика мен менеджмент саласындағы американ маманы, ол 2-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің Жапония өнеркәсібі идеяларын іске асырған. Өзінің мол тәжірибесі негізінде Э.Деминг АҚШ-та 1982ж. шыққан «Сапа, өнімділік, бәсекегеқабілеттілік» атты кітабында сапаның 14 постулатын жасады.
1. Өнім мен қызмет көрсету сапасын жақсартуды тұрақты мақсат қылу. Өнім мен қызмет көрсету сапасының жақсаруы эпизодпен емес, үздіксіз әрі жоспарлы жүзеге асып, өндірушінің ең маңызды міндеттерінің бірі болуы қажет. Мынаны қамтамасыз етуі керек: ресурстарды ұтымды орналастыру, ұзақмерзімді қажеттіліктерді қанағаттандыру, өнімнің бәсекегеқабілеттілігі, бизнестің өсуі, жаңа жұмыс орындарын құру.
2. Жаңа философия қабылдау. Кешігіп қалудың, артта қалудың, қателердің, материалдар ақауларының және жұмыс күшін жетілдірмеудің қалыптасқан жүйесімен одан әрі өмір сүруге болмайды. Экономикадағы жалғасып келе жатқан құлдырауды тоқтату үшін басқару стилін өзгертіп, барлық жүйелердің, процестердің сапасын үздіксіз жақсарту керек.
3. Инспекциядан тәуелділікті тоқтату. Ол үшін сапаға жету әдісі ретіндегі жаппай инспекцияларды жою керек. Өндіруші бұл мақсатқа, тек, сапа мәселелері ол үшін бірінші орында болса, және ол өндіріс пен сатып алу негізінде сапа бақылаудың статистикалық әдістерін қолдана отырып, сапа деңгейі жөніндегі ақпаратты иеленсе ғана, жетуі мүмкін.
4. Төмен бағалар негізінде келісім-шарт жасасу практикасын тоқтату. Сапаны бағамен салыстырып көру керек; өнімнің бір түрін жеткізу үшін бір жеткізіп тұрушыны таңдау керек; сенімхат негізінде жеткізіп тұрушымен ұзақмерзімді қатынас орнату керек; жеткізіп тұрушымен бірге жалпы шығындарды төмендетуге тырысу керек.
5. Жүйені үздіксіз жақсарту. Жоспарлау, өндіру мен қызмет көрсетудің жүйелерін тұрақты әрі үздіксіз жақсарту – туындайтын мәселелерді жедел шешуді, сапаның үздіксіз жақсаруын және өнімділіктің артуын алдын алады. Жүйенің жақсаруының нәтижесі – бастапқы материалдарға, қолданылатын құралдарды жобалау мен жақсартуға, қызметкерлерді оқытуға, сапаны бақылауға кеткен шығындардың үздіксіз төмендеуі болып табылады.
6. Жұмыс орнында оқыту. Жұмыс орнында оқуды енгізу үшін, барлық қызметкерлерді жұмыс орындарында дайындаудың қазіргі заман әдістерін енгізу қажет. Әрбір қызметкердің мүмкіндіктерін қолдануға ерекше мән берілуі тиіс.
7. Басшылық орнату. Қызметкерлерге қойылған міндеттерді шешуде көмек көрсету мақсатында басшылық институтын құруды білдіреді. Қазіргі таңда басқарушының кез келген дәрежедегі маңызды міндеті қол астындағы адам үшін қажетті кемелді анықтау болып табылады.
8. Қорқынышты жою. Фирма қызметкері жұмысындағы өзгерістерден қорықпай, соларға ұмтылу керек.
9. Кедергілерді жою. Қызметкерлер бөлімшелері мен топтары арасындағы кедергілерді жоюды білдіреді. Зерттеу, жобалау мен өндіру саласында жұмыс істейтін мамандар біртұтас команда ретінде көрінуі керек.
10. Бос ұрандардан құтылу. Сапаны жақсартуға жетудің әдістерін ескермей, оған шақырмау. Бос ұрандар аз уақыт ішінде белгілі бір нәтижеге ие болып, кейін ұмытылады.
11. Жұмысты басқару үшін сандық квоталарды алып тастау. Сандық квоталар кесімді жұмысқа тән. Кесімді жұмыс нормасы оны орындаудың орташа уақыты ретінде орнатылады. Сондықтан жұмысшылардың жартысы оны тез орындап демалады, ал басқа жартысы бұл уақытта оның орындалуымен кешігіп жұмыс істеуді жалғастырады.
12. Компания құрамына енушілікпен мақтануға мүмкіндік беру. Жұмыс үшін мақтаныш сезімі алдындағы кедергілерді жою. Егер фирма шығаратын өнімнің абыройы төмен болса немесе жұмысшы жұмыс жағдайына әсер ете алмаса, өз жұмысы үшін мақтаныш сезіміне ие болу өте қиын.
13. Білім мен өздігінен жетілуді мадақтау. Қызмет бабымен көтерілу білім деңшейімен анықталалуы қажет.
14.Компанияны қайта құру жұмыстарына әркімді тарту. Сапаға қол жету процесіндегі басты шарттардың бірі – компания басшылығының оған көз жетуі. Басшылық сапа мен өнімділікті жоғарылату процесінде әрдайым қатысуы керек.