сапа философиясының даму кезеңдері

Сапа философиясының тарихында төрт фаза бар: сәйкессіздікті жою фазасы: бұл фаза өте ежелден тәжірибеленген жеке мамандардан шыққан болатын. Мамандар өз қол астыларындағы шәкірттерінің жұмыстарын бақылаған. Қазіргі заманға сай қылып айтсақ, өте күрделі бұйымның сапалы жасалуының арқасында белгілі бір маманға атақ беріп, сертификаттаған болатын. Әрбір бұйым индивид ретінде қаралған. 19-ғасырдың 70-жылдары қару жарақ өндірісінде (Самуэль Кольт заводы) стандартты сапа жөнінде идея туды. Бұйымдар бір біріне сәйкестендіріліп жасалған бөлшектерден емес, олар кездейсоқ таңдалып алынған партиялардан құралған. Бөлшектерді жинақтау алдында оларды калибр көмегімен тексерген. Содан жарамайтын бөлшектердің сәйкессіздігі жойылған. Осы фазаның дамуына зор үлес қосқан адамдар американың автомобиль құрастырушылары Генри Мартин Леланд және Генри Форд. Осы фазаның сапасын қамтамасыз етудегі концепцияның негізін былай жүйелеуге болады: «тұтынушы тек қана жаңа өнім қабылдап алу керек, өнім стандартқа сай болуы тиіс. Негізгі күш өнімнің сенімсіз жақтарын жойып, тұтынушының сеніміне кіре білу» сапаны басқару фазасы:бұл фаза 20-ғасырдың 20-жылдарында басталған. Фазаның шығуы АҚШ –дағы «Верстен электрик» фирмасының техникалық бақыоау бөлімінде болған. Сапаны басқарудағы ең жақсы жетістіктердің бірі сапаның аудиторлық қызметінің пайда болуы. Бұл бөлім өндірістік техникалық бақылауды жүргізген. Бірақ өнімнің сәйкессіздігімен айналыспаған. Бұл бөлім бақылау нәтижесінде партиялардың жұмыс әістеу жүйесін өндірістегі сапа бақылауы арқылы бағалаған. Осы фазадағы сапамен қамтамасыз етудегі концепция: «басты бағыт сақталады. Тұтынушы тек жаңа өнім қабылдауы тиіс, ол стандартқа сай келуі керек. Сәйкессіздікті жою сапаны қамтамасыз ететін тәсіл ретінде сақталып қалады. Бірақ негізгі күш жұмысқа икемдіөнімдердің пайызын өсіре отырып, оларды өндіруде процестерді қадағалауға жұмсалады.» сапа менеджментінің фазасы: бұл фазаны 1950 жылдан қабылдады деп есептеуге болады. оған Жапониядағы американдық доктор Эдвардс Демингтің ойлап тапқан бағдарламасына байланысты оқыған лекциялары себеп болды. Ол бағдарламаның негізгі идеясы мынада: «өндірістің сапалық негізі барлық деңгейдегі сапалы менеджменттің және еңбектің сапасы. Яғни, жұмыс атқарып жүрген мамандар өз жұмыстарына сүйсіну керек. Демек өз мамандығын және қызметін қадірлей білу керек.» сапаны жоспарлау фазасы: бұл фаза 60-жылдардың ортасына таман пайда бола бастады. Бұл фаза да бастапқы фазаларға ұқсас тұтынушының сұранысын қанағаттандыру үшін бағытталған. Бұл фазаның дамуы әлемдік нарықтың дамуымен тығыз байланысты. Яғни, нарықтағы бәсекелестіктің күрт өсуі мен мемлекет тұтынушылық қызығушылығын қорғау саясаты. Осы фазаның негізгі концепциясы: «өнімнің сәйкессіздігінің немесе сенімсіздігінің артуы бағдарламалық жұмыстың сапасының толық дерлік жақсы орындалмауынан». Жоғарғы сапаны тұтынушыға өте жоғары бағаға беру дұрыс емес. Оны уақыт өте келе төмендейтіндей бағаға сату керек, себебі нарықтағы бәсекелестік өте жоғары.