сапа эволюциясы. Сапа элементтері

Сапа туралы түсінік үнемі өзгеріп отырады. Тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырған бір жыл бұрынғы сапа келесі жылы олардың талаптарын қанағаттандырмауы мүмкін. Қоғамның әр даму сатысында сапаға қойылатын талаптар өсуде. Бұрындары сапа тек ақаулардың жоқ болуымен қауымдасқан, ал қазір сапа туралы кең түсінік айтылады және онымен кіріс, рухани байлықтың өлшенетін көрсеткіштері, өмір сапасын жоғарылату сияқты категорияларды байланыстырады.
Сапа концепциясы түсінігі ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан қазіргі кезеңге дейін келе жатқан сапаның төрт деңгейін қарастырады.
Бірінші деңгей – стандартқа сәйкес келу. Өнім сапасы стандарт талаптарына сәйкес немесе сәйкес емес деген сияқты бағаланады. Міндетті түрде талаптарды анықтау, өнім сапасын тексеру процедуралары мен стандарттарын бекіту қажет. Сапаны міндетті бақылаудың жүргізілуі кемшілік болып табылады.
Екінші деңгей – қолдануға сай келу. Өнім тек стандартқа сай келмеуі керек, ол сондай‑ақ эксплуатациялық талаптарды қанағаттандыруы керек. Сонда ғана ол нарықта сұраныспен пайдаланылады. Өнімді қолданудың барлық нұсқаларына сай болуы үшін оның сапасы туралы тек фирмалардың өндірістік бөлімшелері ғана емес, сонымен қатар өткізу, қызмет көрсету және сапаны бақылау, жоспарлау, жасау, зерттеу, маркетинг қызметтері де ойлауы керек. Нарықты анализдеу және функцияаралық басқару әдістері алпысыншы жж‑дың соңы мен жетпісінші жж‑дың басында шынайы тұтынушылық революция болған жылдары меңгерілген.
Үшінші деңгей – нарықтың фактілік алаптарына сәйкес келу. Шын мәнінде бұл төмен бағадағы жоғары сапаны білдіреді. Бұған жетудің басты жолы ақаусыз өндіріс болып табылады. Өнім сапасы сапа инспекциясы немесе жоғары сапалы құрылғымен құралмайды, ал өндіріс процесіндегі жұмысшылар тарапынан сапаны жоғарылатуға тұрақты тырысулар арқасында жасалады.
Төртінші деңгей – жасырын талаптарға сай келу. Ұлыбритания, АҚШ, Жапония және осы сияқты басқа да бай елдерде нарық сапа деңгейі бойынша аз ерекшеленетін және сатып алушының барлық анық, айқын талаптарына сай өнімге негізделген. Сондықтан да өткізуде басты рөлді жасырын талаптарды ескеретін өнімдер алады. Тұтынушы оған не керек екеніне күдіктенбейді. Тек оған күтпеген, өте жақсы бір нәрсені сатып алуды ұсынғанда ғана ол өзіне ненің керек және ұнайтынын түсінеді. Бүкіл әлемдегі барлық дамып келе жатқан фирмалар осы деңгейге жетудің жолында тұр.