Универсал және қосымша операцияларды орындау көрсеткіші
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы. Тауардың функционалды көрсеткіші заттардың тағайындалуына қажетті қанағаттандыру қабілетіне, қанағаттандыру құралына қызмет етуімен сәйкестігін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер мынаған бөлінеді: 1) негізгі функцияларды орындау; 2) әмбебап; 3) қосымша операцияларлды орындау. Негізгі функцияларды орындау көрсеткіштері тұтыну тиімділігінің пайдалылығы, тұтынушы мен өнімдерді пайдалануда нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруы сипатталады. Мысалы, тамақ өнімдерін тұтынумен алынатын пайдалы тиімділігі тамақ өнімдерінің құрамында бар,ақуыздардың, көмірсулардың тұтынуында түзілетін энергия мөлшерінен (кДж, ккал), сонымен қатар жеке заттардың сіңімділік коэффициентін есептей отырып, тамақ өнімдері және оның құрамының химиялық құрамын сапалылығымен өлшенеді. Кейбір азық-түлік тауарлары үшін негізгі функция эргономикалыққа, сипаттамаларға сәйкес келеді. Мысалы, дәлдік тауарлардың негізгі функциясы тамақпен бірге бір уақытта қабылданып толық сіңуге қабілетті.Әмбебап көрсеткіш.Тұтынушыға пайдалы берілген тамақ өнімдерінің , қосымша функциялардың болуын қолдану бойынша тағайындалу мүмкіншілігі және жағдайлары кең диапазонда сипатталады. Мысалы, қанттың сіңімділігі жақсы, тағамдық құндылығы жоғары, 100г өнімде 1650кДж ккалориялығы бар, дәмі тәтті, тағамға қантты қолданудан басқа кондитерлік, тәтті нан өнімдері мен сусындарға, жеміс-жидектерге және басқа да тағамдарға пайдаланады Қосымша операцияларды орындау көрсеткіші. Тасымалдау, сақтау, жою және т.б. негізгі, қосымша функцияларды орындау мен қатар жүретін «адам-өнім-орта» жүйесіндегі этаптардағы өнімдердің функционирлеу ерекшеліктерін сипаттайды. Қосымша операцияларды орындау негізгі функцияларды орындауға әсер етеді және тұтынушының туынды емес уақыт шығындарын анықтайды. Мысалы, тұз тамаққа консервіленетін дәм бергіш зат ретінде қолданылады.