АҚШ-тағы сапа басқару.
Сапа басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.Американдық компаниялардағы сапаны басқару формалары, өнімнің өлшемі, көлемі мен номенклатурасындағы, ұйымдастыру құрылымы типіндегі, техникалық процестердегі және т.б. факторлардағы айырмашылықтарға байланысты әр түрлі болады. Бұл факторлар шектеулер қойып, компанияның өзгешелігіне өнім сапасын басқару жүйесінің қатал түрде енгізуін қажет етеді. АҚШ компаниялары мен фирмаларында, «Ақауларды болдырмау жолымен сапаны жақсарту», «Нөлдік ақаулар» атауларына ие болған сапа басқару әдістері мен бағдарламалары кең таралды.1940-1950ж.ж. бастап АҚШ өнеркәсібі үшін маңызды мәселелер болып, сапаның төмен деңгейінің салдарынан туатын үлкен шығындар, саналды. Қарапайым американдық кәсіпорынның барлық шығындарының 20-50%-ы өнім ақауларын анықтау мен жоюға кеткен. АҚШ-тың көптеген мамандары төмен сапаны, американды өнімнің бәсекегеқабілеттілігі мен еңбек өнімділігінің өсуіне басты кедергі деп санады. АҚШ-тағы сапа мәселелері шешімін көбінесе түрлі қолдампаздық (протекционистік) өлшемдерден, американдық өнімді бәсекелестерден қорғайтын тарифтер, квоталардан, табуға тырысты. Ал сапаны жоғарылату жөніндегі сұрақтар екінші кезекке қалдырылды. АҚШ фирмаларының тәжірибелі басқарушылары американдық тауарлар сапасын келесідей мәселелерге көңіл бөлу арқылы жоғарылату қажеттігін түсінді: 1. жұмысшылардың уәждемесі (мотивация); 2. сапа үйірмелері; 3. өнім сапасын басқаруға жүйелі қарау; 4. қызметкерлер мен басқарушылардың түсінушілігін жоғарылату; 5. сапа шығындарын есептеу; 6. сапаны жоғарылату бағдарламалары; 7. материалды ынталандыру.1980ж. бастап АҚШ-та сапа мәселесін айқын түсіне бастады. Американдық өнеркәсіпте ресурс, потенциал мен жоғары буын басшысы бар. Жаңа технология мен өнімнің жаңа түрлерін өңдеуге көп қаржы жұмсау, сонымен бірге, өнім мен жұмыс сапасын жоғарылатуда ортақ қызығушылықта орнатылған, жұмысшылар мен бсқарушылар арасындағы жаңа қарым-қатынастар, АҚШ-тағы жаңа технологиялық революция үшін алғышарт жасайды. АҚШ мамандары сапа басқаруды жетілдіруге зор үміт артады, бұл, олардың ойларынша, басшылық санасының түгелдей өзгеруін, корпоративті мәдениетті толықтай қайта қарауды және күштің түұрақты мобильділігін білдіруі керек.Заңды және атқарушы билік тарапынан ұлттық өнім сапасын жоғарылату сұрақтарына көңіл бөлу – елдің экономикалық дамуындағы жаңа құбылыс. Сапаны жақсарту үшін жалпыұлттық науқандардың басты мақсаттарының бірі – «Ең алдымен – сапа!» деген ұранды жұмыс кезінде іске асыру. Осы ұранмен жыл сайын, бастамашысы Сапа бақылау бойынша Американдық ұйым (СБАҰ) болған, сапа айлықтары өткізілді. СБАҰ – 1946ж. құрылған елдегі алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық ұйым.Сапа саласындағы АҚШ тәжірибесін талдай отырып, оған тән келесідей ерекшеліктерді белгілеуге болады: - математикалық статистика әдістерін қолданумен өнім сапасын қатал түрде бақылау; - өндірісті көлемдік және сапалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау процесіне көңіл бөлу, жоспарларды іске асыруды әкімшілік бақылау; - фирманы жалпылама басқару.АҚШ-та қолданылатын өнім сапасын үздіксіз жоғарылатуға бағытталған шаралар, Жапония мен АҚШ арасындағы сапа деңгейінде қабыспауды жоюда байқалды.