Бәсекелестік.
ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - белгілі бір уақыт мезетінде нарықтағы сәтті сатылу мүмкіндігі. Егер өнім сатып алушыға нақтыланып жасалатын болса, ол өнім бәсекеге қабілетті деп саналады.Өнім жоғарғы технологияда жасалса да, дайындаушы оны жоғары бағаласа да ол өнім сапалы болып саналмайды, бәсекеге қабілетсіз. Бәсекеге қабілеттілігін бірнеше факторларға бөлеміз:
-Сапасына
-Жаңалығына
-Төлем жағдайына
-Салық мөлшеріне
-Техникалық қызмет көрсету деңгейіне
-Тауарды жеткізу мерзіміне
-Жарнамалануына
-Шығарылған шығындардың ұйымдастырылуына
-Халықтың төлем қабілеттілігі.
Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау. Бірнеше факторларды зерттеуді қажет етеді.
-Ішкі және сыртқы нарық талаптары және онда сатылатын бұйымдардың сапасына.
-Ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнімдерді жасау және бағыттары
-Сатуға арналған өнімдердің бағасы. Өнімді аттестаттау және сертификаттау мүмкіндігі.
-Тұтынушыға ұсынылатын әсіресе шетелдік өнімдерді жарнамалау сапасы және деңгейі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бірнеше әдістері бар. Мысалы: 1) бағалық, 2) салыстырмалы құн, 3) салыстырмалы пайдасы.
Бағалық әдіс – сатылу бағасы, дизайны, сапасы. Салыстырмалы құн – еңбек өнімділігінің салыстырмалы құны.
Салыстырмалы пайдалық – өндірістің пайдасының нормасын білдіреді.