Өнімнің сапасын бақылау

Өнім сапасын бақылау-өнімнің немесе процестің сандық және сапалық көрсеткіштерінің орнатылған техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру түсіндіріледі. Өнімнің сапасын бақылау мәні мынада: бақылау объектісінің күйі жөніндегі ақпаратты алу және алынған нәтижелерді стандарттарда, техникалық шарттарда және т.б. құжаттарда белгіленген талаптармен салыстыру. Сапа бақылаудың негізгі терминдері мен анықтамалары ГОСТ 16504-81 стандартында бекітілген. Сапа бақылауды ұйымдастыру – нормативті құжаттар талаптарына толықтай сәйкес келетін өнімді өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және әкімшілік шаралар жүйесі.Техникалық бақылау – бақылау объектісінің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру. Өнеркәсіпте техникалық бақылау өндірістің барлық кезеңдерінде орындалатын бақылау операцияларының жиынтығын көрсетеді. Ол, бақылау объектісіне байланысты, кәсіпорынның әр түрлі қызметтерімен іске асады. Дайын өнім мен жартылай фабрикаттар сапасын бақылауды техникалық бақылау бөлімі жүзеге асырады, бірақ өндірістік бөлімшелердің атқарушылары мен басқарушылары да сапаға жауапты болады. Кәсіпорындағы техникалық бақылаудың басты міндеті – стандарттар мен техникалық шарттар талаптарының бұзылуына әкелетін олқылықтар мен ақауларды алдын алу мақсатында, өнімнің сапасы, жабдықтарды, техникалық процестердің күйі жөнінде толық әрі сенімді ақпаратты уақытында алу.Кәсіпорындағы техникалық бақылау объектілері: келіп түсетін материалдар, дайындаудың әр түрлі кезеңдеріндегі жартылай фабрикаттар, дайын өнім, өндіріс құралдары, техникалық процестер мен өңдеу режимдері, өндірістің жалпы мәдениеті болып табылады. Техникалық бақылау функциялары өндірістің міндеттері мен объектілерімен анықталады. Оған: шығарылатын өнімнің сапасы мен жиынтықтылығын бақылау, өнімнің қайтарылымын, ақауларын, т.б. есептеу мен талдау жатады. Өнімнің сапасын бақылаудың негізін қабылдау кезіндегі бақылау, іріктеме бақылау мен өлшеулер сапасы құрайды. Бақылау орындары мен жұмыс кезеңіне байланысты: жобалауды бақылау, бұйымдардың материалдары мен жиынтықтаушыларын кірер бақылау, технологиялық жабдықтау күйін бақылау, дайындау кездегі операциялық бақылау, дайындауды авторлық қадағалау, технологиялық жабдықтауға енгізілген құралдарды активті бақылау, дайын өнімді қабылдауға дейінгі бақылау, құрастыруды бақылау және объектілердегі эксплуатацияны қадағалау ажыратылады.
Бақыланатын өнімнің қамтылуына қарай: іріктеме бақылау мен жаппай бақылау деп ажыратылады.