Кәсіпорында өнім сапасын анықтау. Өнімдегі бәсекелестік.

Әртүрлі фирмалар мен өндірістік орындар сапаны жақсарту бағытында көптеген әдістерді қолданады. Осындай әдістерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады.
1Сапаны қамтамасыз ету әдістері;
2Сапаны жандандыру әдістері;
3Сапа жөніндегі жұмыстардың нәтижесін бақылау әдістері.
Сапаны қамтамасыз ету әдісімен инженерлік-математикалық әдістер тығыз байланысты, онда өнімнің(жасау, дайындау, сынау, өңдеу) циклдік процестерді талдау жатады.Жандардыру әдістеріне мотивация әдісі тікелей қатысты, сонымен қатар, сапаны жақсарту үшін арнайы жасалған (мысалы, мемлекеттік және бүкіләлемдік масштаб, сапа жөніндегі ұлттық сыйақылар).Бақылау әдісіне өнімнің сапасын бағалау әдісі кіреді(экономикалық көрсеткіштерді талдау, өнімнің құжаттарын тексеру және сапа жүйесі) сонымен қатар, өнімнің өзінің сапасын бақылау жатады.Әртүрлі әдістер бір уақытта әртүрлі топтар құрамында болуы мүмкін. Осындай әдіске сапа ұйымдары, сапа мәселесін шешу және фирма қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін жандандыру құралдары кіреді.Статистикалық әдістерге бақылау әдістері және сапаны қамтамасыздандыру әдістері жатады. Өзін-өзі бақылау әдістері соңғы уақытта кең тараған әдістердің бірі болып табылады. Бір уақытта жоғарғы үш топқа да қатысты қызмет атқара алады. Экономикалық бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
1. нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай арттыру қажет;
2. кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдады соған қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады. Сондай – ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;
3. нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін қолдау;
4. менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі және қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортына басқару қызметі.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу