Өнімнің сандық және сапалық сипаттамалары.

Сапа- бұл өзіне меншікті мінездемелерінің жиынтығының талабын орындайтын дәреже.
Өнімнің сапа көрсеткіштері ГОСТ 15467-79 регламенттелген өнімнің белгісі мен параметрінің түсініктерімен тікелей байланысты. Бұл стандартқа сәйкес, өнім белгісі - өнімнің кез келген қасиеттері немесе күйлерінің сапалық және сандық сипаттамасы, ал өнім параметрі - өнімнің кез келген қасиеттері мен күйлерін сандық сипаттайтын өнім белгісі. Өнім көрсеткіші, белгісі мен параметрі, өнім сапасын бағалау үшін қолданылатын «өлшем» жалпы ұғымының формалары болып табылады. Өлшем – белгілі бір сапаны нақты санмен байланыстыру қажет болатын, сапалы және сандық жақтар бір-біріне сәйкес келетін, объектілердің сандық және сапалық жақтарының бірлігі.Сапа ұғымымен өнім қасиеті, өнім белгісі, өнімнің техникалық деңгейі, тауардың бәсекегеқабілеттілігі, сапа көрсеткіштері сияқты түсініктер тығыз байланысты.Өнімнің сапалық көрсеткіштеріне материал түсін, бұйымның формасын, бөлшеу бетінде антикоррозиялық немесе безендіргіш төсемдердің бар болуы,бұйым бөлшектерін бекіту тәсілі, техникалық құрылғыларды жөнге салу мен реттеу тәсілі жатады. Сапалық көрсеткіштер альтернативті сипатқа ие болып, өзара бірін-бірі жоққа шығаратын екі вариантты иеленеді.Өнімнің сандық көрсеткіші өнім параметрі болып табылады және оның сапа көрсеткіштерінің бірі болуы мүмкін.Өнім сапасының көрсеткіші сапаның құрамына енетін белгілі бір қасиеттің көріну дәрежесін сандық сипаттайды, оның атауы сипатталатын қасиетті анықтайды, мысалы: өлшеу дәлдігі, жиіліктер диапазоны, беріктігі, өміршеңдігі, т.б.