Өнімнің өмірлік циклі немесе өнімді сапамен қамтамасыз ету
Өнімнің өмірлік циклі – өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады.Өнімнің өмірлік циклі:
-Маркетинг. Нарықты іздеу мен зерттеу;
-Өнімге қосылатын техникалық талаптарды зерттеп дайындау және жобалау;
-Материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
-Технологиялық процестерді зерттеп дайындау;
-Өнім өндіру;
-Бақылау және сынау;
-Орау және сақтау:
-Өткізу және бөліп тарату;
-Құрастыру және пайдалану;
-Қызмет көрсетудегі техникалық көмек;
-Пайдаланудан кейінгі пайдаға асыру.
Өнім сапасының қалыптасуы мен қолдауы оның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде болады. Бастапқы кезеңдерде өнімге бастапқы талаптардың қалыптасуы бойынша жұмыстар жүргізіледі, оларға: әзірлеу мен игеруге өтініш жасау, аванпроект құру, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен техникалық тапсырма дайындау жатады.Әзірлеуші техникалық тапсырманы әзірлеуді тапсырыс берушінің алғашқы талаптары негізінде, сонымен бірге орындалған ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыстардың нәтижелерінің, отандық және шетел техникасының жетістіктерін, машиналар мен құрылғылардың прогресивті жүйелерін талдаудың, патенттік құжаттаманы, сыртқы және ішкі нарық талаптарын зерттеудің есебімен жүзеге асырады.Техникалық тапсырма келесідей бөлімдерден тұрады: өнімнің атауы мен қолдану аясы, әзірлеуге негіздеме, әзірлеудің мақсаты мен тағайындалуы, техникалық талаптар, экономикалық көрсеткіштер, әзірлеудің кезеңдері мен сатылары, бақылау тәртібі, қосымшалар. Техникалық тапсырма белгілі бір бұйымға және олардың тобына жасалуы мүмкін. Конструкциялар мен тағайындаудың жалпылығымен сипатталатын бұйымдар тобына типтік техникалық тапсырма әзірленуі мүмкін.Өндіріс кезеңіндегі маңызды міндеттер мыналар: өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз ету, эксплуатациялау нәтижелері жөніндегі мәліметтерді талдау, бұйымдарды жетілдірудің мүмкін бағыттарын анықтау, сертификаттау мен сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды дайындау бойынша жұмыстарды орындау. Бақылау, сынақтар мен зерттеулер жүргізу кезеңдерінде сапа басқару жүйесіндегі маңызды процедуралардың бірі - өнім сапасының деңгейін бағалау – жүзеге асырылады. ГОСТ 15467-79 стандартына сәйкес, өнім сапасының деңгейін бағалау – бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауды, сол көрсеткіштердің мәндерін анықтауды енгізетін операциялар жиынтығы.Өнім сапасын бағалау кезеңдері мен мақсаттары:
1. Өнімнің жобалық сапасын бағалау.
1) өнімнің классы мен тобын бекіту; 2) сапа көрсеткіштері номенклатурасын таңдау мен негіздеу; 3) негізгі үлгіні таңдау; 4) сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтаудың әдісін таңдау; 5) көрсеткіштердің сандық мәндерін анықтау.
2. Өнімді дайындаудың сапасын бағалау.
1) сапаны бақылау әдістері мен құралдарын бекіту; 2) сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтаудың әдісін таңдау; 3) сапа көрсеткіштерінің нақты мәндерін анықтау; 5) ақаулық көрсеткіштер бойынша дайындаудың сапа деңгейін бағалау.
3. Эксплуатациялаудағы сапа бағалау.
1) сапа жөніндегі ақпарат жинау мен алудың тәсілдерін бекіту; 2) сапаның нақты көрсеткіштерін анықтау; 3) пайдалы әсер мен соммалық шығындарды анықтау; 4) бағалау нәтижелерін алу мен шешім қабылдау.