Өнімнің технологиялық көрсеткіштері
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Технологиялық көрсеткіш өнімнің сапа көрсеткіштеріне, шығару көлеміне, орындау жұмысының жағдайына, берілген мәндерді тоқтату, өндіру, сақтауда, минималдық шығындарға жетуге, қабілеттенуінде анықталған өнім құрылымы мен құрамының қасиеттерін сипаттайды. Технологиялық көрсеткішке дайындалуға байланысты өнімнің энергия сыйымдылығы, материал, еңбек сыйымдылығы жатады. Жалпы тамақтануда өнім өндірісінің технологиялығы шикізаттың құрамы мен құрылымына байланысты болады.Технологиялық көрсеткіштер бұйым конструкциясының қасиеттерінің жиынтығын сипаттайды. Кез келген өнімді жасап шығару еңбектің барлық түрінің шығындарын есептейтін өнімнің өзіндік құнында көрінетін шикізат пен материалдардың шығындарынсыз мүмкін емес. Бұл бұйымның технологиялық моделі еңбек шығыны тұрғысынан қазіргі нормативтік құжаттарда қабылданған. Еңбек сыйымдылығын, материал сыйымдылығын және өзіндік құнды жалпылыққа, структуралыққа, салыстырмалы және қатыстылыққа бөледі.Бұл сапа көрсеткіш тобының сипаттамасының технологиялық көрсеткіштеріне шығындарды емес, керісінше осы шығындарды азайтуды жатқызу керек. Мысалы, прогрессивті материалдардың меншікті салмағы және оларды өңдеу әдістері; жинаудың прогрессивті әдістерінің үлес салмағы және т.б.Өнім тұтынушылары үшін технология тікелей қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты емес. Бұл байланыс өнімнің бағасында, сонымен бірге оның сенімділігінің көрсеткіштерінен көрінеді. Бұл тұрғыдан тұтынушы сапаның көрсеткіштерінің осы тобына қызығушылық танытады.