Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы өнім сапасы

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымы - біздің стратегиялық басымдығымыз. Әрине, ДСҰ қарапайым қатардағы мәселенің бірі емес. Ұйымға кейбір елдер секілді оның барлық талаптарымен келісіп-ақ кіруге де болады. Бірақ, бұл біздің ғаламдық бәсекелестікке әзір емес өндірісшілеріміз, отандық кәсіпорындарымыз үшін ең ауыр соққы болатын еді. Сондықтан да, біз Кедендік одақ аясындағы әрбір ұстаным мен қызметтер, субсидия, бәсекелестік саясаты бойынша өте салмақты келіссөздер жүргізіп келеміз. Ал ДСҰ дегеніміз біздің барша әлеммен, барлық сауда әріптестерімізбен өзара байланысымызды реттеу дегенді білдіреді.Бүгінгі Қазақстанның барлық сыртқы сауда айналымы 110 млрд. долларды құраса, оның ішінде 70 млрд. доллары экспортты, 40 млрд. импортты құрайды. Экспорттың 60 млрд. доллары алыс шетелдерге тиесілі болса, 10 млрд. доллар жақын ТМД елдерінің үлесінде екен. «Ал сол 60 млрд. доллардың ауқымды бөлігі біздің шикізаттық ресурстарымыз болып отыр. Сол үшін де біздің шикізаттық экспортымызға мүдделі елдер өте көп. Ал 40 млрд. доллар импортқа келетін болсақ, бұның тең жатысы ТМД-ға тиесілі. Сондықтан да, Қазақстанның Ресей және Беларус елдерімен өзара байланысы, сондай-ақ қалған әлеммен байланысы бір деңгейде десе де болады. Дейтұрғанмен, Қазақстанға ДСҰ-ға кіру мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, біз өз мүддеміз үшін Кедендік одақ құруға барып отырмыз. Бұдан Қазақстанның ұтары көп деп те айтуға болады. Біз сондықтан да ДСҰ-ға Кедендік одақ аясында бірге кіруге, бір шартпен өтуге келістік.Ішкі сауданы дамытудың оң үрдістері бірқатар проблемалардың сақталуымен бірге жүреді. Биржалық сауда, сауданың қазіргі заманғы форматтары дамымаған. Сауда нарықтарында көлеңкелі айналымның едәуір көлемі, контрабандалық және контрафактілік өнім өткізілуінің жоғары деңгейі; өткізілетін тауарларға жасанды сапа сертификаттарының кең пайдаланылуы орныққан. Қазақстанда да, көптеген елдердегідей, олардың даму деңгейлеріне қарамастан, экономикалық қызметті шамадан асыра реттеу проблемасы бар. Кәсіпкерлердің бизнесті құру және жүргізу кезінде ұстануға тиісті күрделі және ашық емес рәсімдері экономикалық өсуге барынша елеулі кедергі болып отыр. Осы рәсімдер өндіріске жұмсалатын шығындар мен кәсіпкерлердің шығыстарын ұлғайтады, олардың нарықтарға қол жетімділігін шектеп, бизнестің дамуын тежейді, бизнес-ортаны нашарлатады және сыбайлас жемқорлыққа жол береді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болу себептерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, біріншіден, рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Екіншіден, тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптар жекелеген мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен емес (қазіргі уақытта 10 мыңнан астам), тек заң, Мемлекет басшысының жарлықтары және Үкіметтің қаулылары деңгейінде ғана белгіленуі тиіс. Мемлекеттік органдардың осы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі ескірген нормаларды алып тастау мақсатында осы заңнаманы бір мезгілде сүзгіден өткізу болады.