өнім сапасына талаптар. Өнімнің өмірлік циклі.
Сапа- бұл өзіне меншікті мінездемелерінің жиынтығының талабын орындайтын дәреже. Өнім берілген талапқа сәйкес келу керек, яғни анықталған жағдайда тағайындалғаны бой-ша ж-е берілген уақыт аралығында оны пайдалануды меңгеру ерекшелігіне ие болу керек. Сипаттамасына берілген сандық талаптарда нақты белгісі, шекті ауытқу мен жіберілуі болуы керек. Өнімге талаптар ол арқылы орындалатын функциялары мен пайдалану шарттарының әртүрлілігі. Әр түрлі кезеңдегі талаптардың сипаттамалары мен деңгейлері бірдей емес ж-е тұрғындардың материалдық, мәдени өмірінің деңгейіне, өнімнің тағайындалуына ж- н өнім туралы тұтынушының ақпарат алу дәрежесіне байланысты. талап деңгейі мен өнім сапасының арасында белгілі оның үзіліссіз көтерілуі ж-е жаңалану қабілеттілігінің белгілі диспропорциясы болады. Өнімге талаптар ағымдағы,перспективалық,жалпы ж-е спецификті болып бөлінеді.Ағымдағы талаптар- бұл сериялы өндірісте шығарылатын өнімдерге ұсынылатын ж-е өндірістің мүмкіндігі мен сұраныс сипаттамасын анықтайтын талаптар. Ағымдағы талаптар нормативтік құжаттармен ж-е үнемі нақтыланумен реттеледі. Перспективалық талаптар- бұл шикізат пен материалдардың, жаңа технологиялар мен өндірістік әдістердің жаңа түрлерін пайдалану болжамы негізінде әзірленетін талаптар. Перспективалық талаптар озық стандартты әдістермен әзірленген нормативтік құжаттармен реттеледі. Перспективалық талаптар бірте-бірте ағымдағы талптар деңгейін көтеруге әкелетін ағымдағы талаптарға ауысады. Жалпы талаптар- бұл өнім түрлерінің бір не көбіне ие талаптар. Оларға өнімнің өзіндік тағайындалуына, негізгі функцияларының орындалу дәрежесіне, пайдалану өолайлығына, зияндылығына, пайдалану сенімділігіне, жөндеу мүмкіндігіне ж-е т.б. толық сәйкес келетін талаптар. Спецификті талаптарға- артық шарттардың эксплуатациясымен анықталады. Талаптарды орындау кезінде сапа көрсеткіштеріне: тауар сапасының көрсеткіштері, техникалық параметрлік мінездемелер, технологиялық, әлеуметтік ж-е функционалдық белгілеулер, қауіпсіздік,экологиялық,эргономикалық, эстетикалық көрсеткіштер жатады. Өнімнің әр түрінің ерекшелігіне талаптар бірдей емес. Өнімнің бір түріне сенімділік талабы жоғарырақ қойылса, ал басқасына- эргономикалық не эстетикалық талаптар қойылады
Өнімнің өмірлік циклі – өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады.
Өнімнің өмірлік циклі:
-Маркетинг. Нарықты іздеу мен зерттеу;
-Өнімге қосылатын техникалық талаптарды зерттеп дайындау және жобалау;
-Материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
-Технологиялық процестерді зерттеп дайындау;
-Өнім өндіру;
-Бақылау және сынау;
-Орау және сақтау:
-Өткізу және бөліп тарату;
-Құрастыру және пайдалану;
-Қызмет көрсетудегі техникалық көмек;
-Пайдаланудан кейінгі пайдаға асыру.
Өнім сапасының қалыптасуы мен қолдауы оның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде болады.Бастапқы кезеңдерде өнімге бастапқы талаптардың қалыптасуы бойынша жұмыстар жүргізіледі, оларға: әзірлеу мен игеруге өтініш жасау, аванпроект құру, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен техникалық тапсырма дайындау жатады.Әзірлеуші техникалық тапсырманы әзірлеуді тапсырыс берушінің алғашқы талаптары негізінде, сонымен бірге орындалған ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыстардың нәтижелерінің, отандық және шетел техникасының жетістіктерін, машиналар мен құрылғылардың прогресивті жүйелерін талдаудың, патенттік құжаттаманы, сыртқы және ішкі нарық талаптарын зерттеудің есебімен жүзеге асырады.Техникалық тапсырма келесідей бөлімдерден тұрады: өнімнің атауы мен қолдану аясы, әзірлеуге негіздеме, әзірлеудің мақсаты мен тағайындалуы, техникалық талаптар, экономикалық көрсеткіштер, әзірлеудің кезеңдері мен сатылары, бақылау тәртібі, қосымшалар. Техникалық тапсырма белгілі бір бұйымға және олардың тобына жасалуы мүмкін. Конструкциялар мен тағайындаудың жалпылығымен сипатталатын бұйымдар тобына типтік техникалық тапсырма әзірленуі мүмкін. Өндіріс кезеңіндегі маңызды міндеттер мыналар: өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз ету, эксплуатациялау нәтижелері жөніндегі мәліметтерді талдау, бұйымдарды жетілдірудің мүмкін бағыттарын анықтау, сертификаттау мен сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды дайындау бойынша жұмыстарды орындау.