Өнімнің эстетикалық көрсеткіштері.

Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы. Нарықтың бәсекелестігі, нарықтың түрлі тауарлармен молықтырылғандығы жағдайларында өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштері өнімнің бәсекегеқабілеттілігін қамтамасыз етуде шешуші орынға ие. Бұл көрсеткіштер – ақпараттық айқындылық, форманың ұтымдылығы, композицияның тұтастығы, колористік суреттеу, ортаға, стиль мен сәнге сәйкес келу, үйлесімділік, тауар түрінің тұрақтылығы, т.б. сияқты өнімнің тұтынушылар үшін маңызды қасиеттерін сипаттайды.Эстетика (грекше aisthetikos-сезімтал) – құбылыстардың өзара байланысты екі шеңберін: адамның әлемге құндылықты қараудың ерекше көрінісі ретінде сезімділік сферасын және адамдардың шығармашылық қызмет сферасын зерттейтін ғылым. Өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштері тобына көрсеткіштердің мынадай шағын топтары жатады:
1.Ақпараттық айқындылық. Бұл көрсеткіштердің шағын тобына сапаның келесі бірлік көрсеткіштері кіреді: таңбалық, түпнұсқалық, сәнге сәйкестік, стильдік сәйкестік.
Өнімнің таңбалылығы - әлеуметтік маңызды ақпараттың көркемдік-образдық көрінісі, ол – бұйымға әлеуметтік-эстетикалық көзқарастар мен қоғамдық көріністерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Өнімнің түпнұсқалылығы – форма белгілерінің өзгешелігі, бұйым формасында оны басқа ұқсас бұйымдардан ерекшелейтін өзіндік элементтердің бар болуы.
Сәнге сәйкестік көрсеткіші – уақытша басым эстетикалық талғамдардың жалпылығын көрсететін бұйым қасиеттерін сипаттайды.
Стильдік сәйкестік көрсеткіші – бұйым формаларының тұрақты белгілерінің тұынушының мәдени даму деңгейіне сәйкестігін сипаттайтын көркем айқындылықтың құралдары мен тәсілдерінің жалпылығы.2. Форма ұтымдылығы. Бұл көрсеткіштердің шағын тобына мынадай көрсеткіштер кіреді:
- функционалды-конструктивті алдын ала келісімділік;
- эргономикалық алдын ала келісімділік пен орындылық;
3. Композиция тұтастығы. Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін:
- көлемдік-кеңістікті құрылымның ұйымшылдығы;
- тектоникалылық (гр. tektonikos-құрылысқа жататын), конструкциялар мен материалдардың жұмысын көркем ұғынуда көрінеді;
- пластикалылық, бұйымның көлемдік және элементар форманың айқындылығын сипаттайды;
-графикалық және бейнелік элементтердің реттілігі;
- түсті колорит пен сәнділік.4. Өндірістік атқарудың жетілдіруі – бұйымның контурларын орындау мен бөліктерінің түйіндесуінің тазалығы, төсем ұқыптылығы сияқты көрсеткіштермен бағалануы мүмкін. 5. Тауар түрінің тұрақтылығы – сертификаттау белгілерін, фирма мен тауар белгілерін жасаудың айқындылығы, тасымалдау мен эксплуатациялауда бүлінуге тұрақтылық сияқты көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін.Өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштері органолептикалық және экспертті әдістермен анықталады, көбінесе баллмен бағаланады және нормативтік-тех