Әлеуметтік мекен-жайының және тауардың тұтыну класы

Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы. Өнімнің бір ғана қасиеттері әртүрлі көрсеткіштермен бейнеленуі мүмкін екендігін ескере кеткен жөн.мыс, тестильді материалдардың ауа өткізгіштігі- материалдардан өткен ауа жылдамдығымен.Көрсеткішті таңдау өнім спецификасымен,оның белгісімен, эксплуатация шарттарымен анықталады. Әрбір өнім түрі оның тағайындалуына қатысты белгілі бір сапа көрсеткішінің номенклатурасымен сипатталады. Көп мақсатты тағайындалу өнімінде бұл номенклатура көп санды болуы мүмкін. Өнім спасының көрсеткіші әртүрлі өлшем бірліктермен жазылуы мүмкін,мыс, жылдамдық-км/сағ, бояу беріктілігі-балл, сондай-ақөлшемсіз болуы мүмкін.Өнімнің әлеуметтік тағайындалу көрсеткіші көрсеткіштер – тұтынушының әртүрлі топтарынан қоғамдық мәніне және қоғамның қажеттілігіне өнімнің сәйкестігін сипаттайды. Оларға мыналар жатады:
-Шығарылатын тауарлардың бүтін көрсеткіші
-Әлеуметтік мекен‑жайы
-Тауарлардың тұтыну класы
-Тауар ассортименті
-Әлеуметтік эффектілер
Шығарылатын тауарлардың қоғамдық көрсеткіштері тауарлардың берілген тобына қанағаттангдырарлық емес сұраныстың көлемін көрсетеді.Тауардың тұтынушыға қажеттілігіне және қажетті ерекшеліктеріне сәйкестігін сипаттайды.Тұтынушының анықталған тобына тұтыну класын орнатады. Азық-түлік тауарларына мысалы, емдік өнімдер, диабетпен ауыратын адамдар үшін тағайындалған өнімдер, бүйрек ауруына арналған өнімдер, балаларға арналған, туристерге, ғарышкерлерге және т,б арналған өнімдер. Анықталған тұтынушылық класының тауарлары сорты және түрі бойынша ажыратылады. Оптималдық ассортименттеріне қарай тауарлардың сәйкестендірілу көрсеткіші берілген өнім түрінің негізгі немесе жобаланатын жүйесін қолданудағы тиімділігін сипаттайды, сонымен қатар оның басқа өнімдермен де байланысын қатар сипаттайды.