Сапа шығындары және оларды жіктеу.
Сапа шығыны – сапа деңгейін белгілеумен, өндіріс процесінде оған жетумен, бақылаумен, бағалаумен және өнімнің сапа талаптарына сәйкестігі жөніндегі ақпаратпен байланысты шығындар, сонымен бірге бұйымдардың кәсіпорындағы немесе оны эксплуатациялау жағдайларындағы бүлінулерін белгілеумен байланысты шығындар.
1.Мақсатты тағайындау бойынша шығындар былай бөлінеді:
1) Сапаны қамтамасыз етуге шығындар – тұтынушымен белгіленген өнімнің немесе қызмет көрсетудің сапасына талаптарын қанағаттандыру үшін өндірілген шығындар.
2) Сапаны жақсартуға шығындар – тұтынушымен ұсынылатын талаптарды қанағаттандыруға бағытталған шығындар.
3) Сапаны басқаруға шығындар - өнімнің айқындалған сәйкессіздіктерін жою немесе әлеуетті сәйкессіздіктерін алдын алу үшін қажетті түзетуші және ескерту шараларды әзірлеу мен өңдеуге жұмсалатын шығындар.
2. Экономикалық сипат бойынша шығындар былай бөлінеді:
1) Бір жолғы шығындарға сапаны жақсарту, қамтамасыз ету мен басқаруға қажетті және
материалдық активтер құрамына кіретін жабдықтарды, өлшеу құралдарын және басқа да мүлікті сатып алу үшін қаржы жұмсаудан басқа, өнім өндіруге және оны дайындау технологияларына жұмсалатын шығындар жатқызылады. 2) Ағымдағы шығындарға өнім дайындау кезінде ұдайы қалпына келтірілетін шығындар, мысалы: сапаны бақылау мен өнімді сынауға, техникалық қызмет көрсетуге, жабдықтарды жөндеуге жөндеуге кеткен шығындар.
3. Шығындардың түріне қарай классификация:
1) Өнімді шығындарға сапаны қамтамасы етумен, жақсартумен және басқарумен байланысты функцияларды орындауға жұмсалатын барлық шығындар жатқызылуы мүмкін.
2) Өнімсіз шығындар – қажетсіз немесе артық болып келетін шығындар; олар шығындарды талдау мен бағалау кезінде айқындалады. Мұндай шығындарды өнім сапасының лайықсыз деңгейінен немесе өнім дайындаудың төмен сапасынан шығындармен теңестірмеген жөн.
4. Шығындарды анықтау әдісіне қарай олар келесідей бөлінеді:
1) Тура шығындар - өнімнің немесе қызметтің белгілі бір түрі бойынша тікелей есептеп шығарылуы және есепке алынуы мүмкін.
2) Жанама шығындар – қандай да бір белгіленген сипат бойынша тікелей есептеп шығарылуы немесе есепке алынуы мүмкін.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар – өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін шығындар.Олар шикізат, материалдар, салықтар,т.б.Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады.Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты, айнымалы шығындары анықталады.Жалпы шығындар (ТС) – өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.ТС=FС+VC. Тұрақты шығындар (ҒС) – өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар: салықтар, жалға беру, төлемдер,сақтандыру, амортизация,т.б. Айнымалы шығындар (VC) – өнім көлемі өзгерсе,бірге өзгеретін шығындар.Олар шикізатқа, жалақыға, энергияға, транспортқа, материалдарға кеткен шығындар. Жалпы шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді. Тікелей шығындарға өнімге қосылған материалдар құны, жұмысшылар еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар. Бұл шығындарды шығарылған өнім немесе өнім топтарына тікелей қатысты етуге болады. Қосымша шығындар – бұл фирманың қызмет етуіне қажетті шығындар: құрал-жабдықты ұстау бойынша шығындар, арендалық төлемдер, коммуналдық қызметтің бағасы, коммерциялық шығындар, өнім өндірісі процесінде жұмысбасты емес персоналдың еңбекақысы, несиелер бойынша пайыздар және т.б.