Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандартау

Бәсекеге қабілеттілік - нарықтың талабын анықтайтын және тауардың басқа тауармен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез келген тауардың негізгі маңызды сипаттамаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нақты нарык пен сатылым уақытының жағдайларына байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарларды сатып алады, сонымен бірге әр сатып алушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Сатып алушылардың мінездерін зерттеу көрсеткендей, екі ұқсас тауар болса, сатып алушы оның арзанын қалайтынын, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда - сатып алушы тұтыну бағасының (қолдану шығындары) төменіне ұмтылатыны белгілі.Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның жоғары тұтынушылык қасиеттері мен төмен бағасымен анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын тұтынушылық және құндық қасиеттер әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі болады. Мысалы, ұзақ қолданылатын және өндіріске қажетті күрделі тауарлар үшін бәсекеге қабілеттілікті көрсететін көрсеткіштерге келесілер жатады:
- тауардың пайдалану шеңберін анықтайтын атқарымдық міндетінің көрсеткіштері;
-тауардың қолданыстағы ыңғайлылығы мен оның қауіпсіздігін сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері;
- тауарды сатып алу мен пайдалану шығындарын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштері;
- жоғарыда көрсетілмеген (сертификат, сервистік кызмет көрсету), басқа бағалық емес көрсеткіштер. Бәсекеге қабілеттілік салыстырмалы көрсеткіш екенін ескере отырып, оған қатысты бағалау жүргізілетін басқа да оған ұқсастарды анықтау қажет. Ұқсастар көп болған сайын, бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың нэтижелері соғұрлым нақтырақ болады.
Өнімнің бәсекеге деген қабілеттілігін жоғарылатуда сертификаттау үлкен рөл атқарады. Сертификаттау дегеніміз - өнімнің нақты сипаттамаларының қажетті стандарттар мен басқа нормативті құжаттарға сай екенін растауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Сертификаттау дамыған елдерде XX ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Бұл елдердің нарықтарында дамушы елдерден кең колданылатын тауарлар көптеп келе бастады. Соның салдарынан сатып алушыларда олардың сапасы туралы күмән туа бастады. Сертификаттау сатып алушыны, онымен қатар алынып жатқан тауардың кауіпсіз және жоғары сапаға ие екенін сендіру үшін қажет болды. Сөйтіп сертификаттау жүргізу жүйесі біртіндеп дами бастады.Сертификаттау үдерісінің негізгі катысушыларының қызметі қазақстандық және халықаралық кұжаттарға сай белгіленген.Сертификаттау үдерісін анықтайтын негізгі құжат стандарттау бойынша халықаралык ұйымның стандарты ИСО-9000 жатады.ИСО-9000 стандарттары өнім мен қызметтің сапасын жоғарылату тұжырымдамасын кұрайды. Ол келесілерден тұрады:
• сапа саласында кәсіпорын басшылығының саясатын көрсететін сапа жүйесі кұрылып, құжатқа түсірілуі ке-рек;
• сапа жүйесі тауарға тиісті оның өмірлік циклінің барлық сатыларын қамтуы керек;
• сапа жүйесі тиімдігін талдай отырып, кәсіпорынның ішкі жұмысын өздері кадағалап отыруы керек;
- сапаны қамтамасыз ететін шығындарды бағалап, талдау жасап отыру керек.
Кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты жоғары басшылықпен қалыптастырылады. Сапа жүйесі сапа саласындагы саясатты жүзеге асыратын құрал есебінде пайдаланылады.