Өнімнің ресурс бағалау көрсеткіші

Сапа көрсеткіштері – жасау, пайдалану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қарастырылатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Өнімнің сапа көрсеткіші әртүрлі өлшеу бірлігімен жазылады. Мысалы, жылдамдық- км/с, бояу беріктігі- баллдармен және т.б. Қызметтер үшін шарттары болып өңдеу мен көрсету саналады, ал процесс үшін дайындау мен өткізу. Сапаның кез келген қасиетін құру үшін сапаның келесі компоненттеріне назар аудару керек: қоғамдық қажеттілік, нақты шарттар, объект және қажеттіліктің қанағаттанарлық дәрежесі. Ресурс үнемдеу көрсеткіші – еңбек, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану.Ол көрсеткіштер өнімнің өңделуіне, дайындалуына, сақталуына, өткізілуіне кеткен шығынды көрсетеді. Ресурс үнемдеу көрсеткіші көмегімен технологиялық өнімдер деңгейі бағаланады. Ресурс үнемдеу көрсеткіші цехтарда орын алады және өнім сапасын басқару жүйесінде үлкен рөл атқарады. Шикізат пен материалдарды, энергия мен еңбек ресурстарын үнемдеу көрсеткіші бұйымның ресурстарды өндіру процесінде қолданылатын саны бойынша техникалық жетілуін көрсететін қасиеттерін сипаттайды. Ресурс үнемдеу көрсеткіші екі топқа бөлінеді: энергия қолдануды үнемдеу; заттық және еңбек қорларының бұйымымен тұтынуды үнемдеу. Қолдануды үнемдеудің бірлік көрсеткішіне пайдалы әсер коэффициенті, электр энергиясының меншікті шығыны және өнімді эксплуатациялау кезінде отын шығыны. Пайдалы әсер коэффициенті – пайдалы жұмыстың жүйеде алынған барлық энергияға қатынасы. Пайдалы әсер коэффициенті былай анықталады: η=Аn/A=(A-Aв)/A=1-Aв/A , мұндағы Аn – пайдалы жұмыс; А – жүйеде алынған энергия; Aв – жоғалған энергия. Электр энергиясының меншікті шығынын энергия шығынының абсолюттік мәндерінің негізгі параметрдің шамасына қатынасы түрінде анықтайды. Негізгі шама ретінде номиналды қуат, сенімділік, өнімділік және т.б. сипаттамалар алынады. Техникалық бұйымдар үшін электр энергиясының меншікті шығыны келесі өрнекпен анықталынады: Эу=(W*Q*K и.д.Kв)/ Pэ , мұндағы W– қозғалтқыштың номинал қуаты; Q– қозғалтқыш қуатының бірлігіне энергия шығыны; K и.д – қозғалтқышты қолдану коэффициенті; Kв – уақыт бірлігін қайта есептеу коэффициенті Pэ – эксплуатациялық өнімділік. Заттық және еңбек қорларының бұйымымен тұтынуды үнемдеудің бірлік көрсеткішіне жататындар:
-Шикізаттың (су,бу, қысылған ауа,жарықтық және жылулық энергия, т.б.) меншікті шығыны;
-Материалдардың меншікті шығыны;
Қор жинақтаушы көрсеткіштер немесе өнімді эксплуатациялау кезіндегі материалды және энергетикалық ресурстарды үнемді пайдалану көрсеткіш,і өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіш көбіне техникалық жүйелер мен бұйымдарға тиесілі, бірақ кейде оны кейбір бір рет қана қолданылатын өнімдерге қолданады (оларға тез дайындалатын тағам өнімдерін жатқызуға болады).Қор жинақтаушы көрсеткіштер өнімнің материалдар мен ресурстардың үнемді пайдалану деңгейі мен дәрежесін сипаттайды, екі түрге бөлінеді:
-Материалдық ресурстардың үнемді қолданылу көрсеткіші, яғни,
бұйымды эксплуатациялау кезінде қолданылатын шикізат пен материал, мысалы: шикізаттың, материалдың меншікті шығыны, регламенттелген шарттармен бұйымды эксплуатациялау кезіндегі материалдар мен шикізат шығыны;
-Энергия қолданудағы үнемділік көрсеткіші, мысалыға:
жанармайдың меншікті шығымы, энергия (энергия тасушының), пайдалы әсер коэффициенті, регламенттелген режимде бұйымды эксплуатациялау кезіндегі энергия (энергия тасушының).
Қор жинақтау көрсеткіштер материалдар мен энергиялық ресурстарды ғана емес, сонымен қатар, өнімді өндіру және дайындау кезіндегі шығындарды да қарастыруы керек, себебі, бұл өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасына әсер етеді.Қор жинақтаушы көрсеткіштері оның хаттамалау, қамтамасыз ету және сапасын жүзеге асыру үшін объектті құру мен қолдану кезіндегі шығындалатын қорлардың (ресурстардың) дәрежесін анықтайтын қасиеттерін сипаттайды. Объекттің қорды қолдану көрсеткіштері материалдар, отын, энергия, еңбек және уақыттың шығындарын сипаттайды.