Өнімнің сапа көрсеткіштерінің мəні жəне қызметі
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Қазіргі экономикаға байланысты шығарылған өнімнің сапасына көптеген талаптар қойылады. Бұл кез келген кəсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы жəне қызмет көрсетудегі орнықты жағдайының бəсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.Өз кезегінде бəсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне жəне өнім сапасы деңгейіне. Екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін əрбір көрсеткіштердің сандық маңыздылығын білу жəне өнімнің ұқсастық көрсеткіштерімен салыстыру қажет.Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты төмендегідей əдістер пайдаланылады:
• өлшеуші əдіс (аспапатар, приборлардың көмегімен);
• тіркеу əдісі – бұл тіркеуге жəне есептеуге негізделген. Тіркеу əдісі мынадай
көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сəйкестендірумен анықталуы мүмкін;
• есептеу əдісі - өнім сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы
математикалық үлгілерді қолдауға негізделеді;
•органолептік əдіс – адам мүшесін сезу-көру, есту, дəм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дəлдігі жəне растылығы адамдардың біліктілігі, дағдылығы жəне қабілеттілігіне байланысты;
• əлеуметтік əдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау жəне жинау негізінде жүзеге асырылады;
• сапаршылық əдіс – мамандар тобы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: дизайнерлер, дəм айырушылар. Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Яғни, қорытындылау жəне өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кəсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштерге сұрыптылығы, маркасы, жіктелімі, пайдалы заттың мазмұны, өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі т.б. жатады. Жеке көрсеткіштер əртүрлі жəне олар өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты.